2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 20 трлн теңгеге жеткен. Жыл басынан бері зейнетақы шоттарына 2,1 трлн теңге қаржы түсіп, 111,8 пайыз өсім байқатқан. 6 айда 1,21 трлн теңге инвестициялық табыс есептелді.
Зейнетақы жинағының 96%-ы – міндетті зейнетақы жарналары. Оның көлемі шамамен 19,3 трлн теңгені құрайды. Бір жылдағы өсім 23,7% болса, жыл басынан бері 11,3% өскен. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы бойынша жинақ сомасы – 619,9 млрд теңге.
«Ең үлкен өсімді (жылына 48,4%, жыл басынан бері 22,5%) ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – 6,5 млрд теңге», – делінген БЖЗҚ хабарламасында.
2024 жылғы 1 қаңтардан бері салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсіп жатыр. 2024 жылдың 6 айында ЖМЗЖ есебінен шамамен 98,9 млрд теңге жиналған.
2024 жылдың 6 айында БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1,21 трлн теңге таза инвесттабыс есептелген.
Сонымен қатар 6 айда БЖЗҚ-дан 457,6 млрд теңге төлем төленген.
«Бұл ретте осы соманың негізгі бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрайды – ол шамамен 190,4 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,4 есе жоғары. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 97,3 млрд теңге болды», – делінген хабарламада.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы активтерінің 6 айдағы инвестициялық табысы инфляциядан 1,5 есе асып түсті. Қаңтар-маусым айларында Қазақстанда инфляция 3,9%-ды құрады. Ал Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвесттабысы 6,59%-ға жеткен. 1 шілдедегі жағдай бойынша Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруында 19,8 трлн теңге бар.
Бірінші несие бюросының жазуынша, 2023 жылдың дәл осы кезеңінде зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляциядан әлдеқайда төмен болған. Былтыр қаңтар-маусым айларында инфляция 13,08% болса, активтердің инвесттабысы 8,4% деңгейінде қалыптасқан еді.
Маусым айында инвестициялық кіріс 6,5 жылдық кезеңдегі ең жоғары деңгейіне жетіп, 586,4 млрд теңгені құраған. Ал жарты жылда 1,23 триллион теңге көлемінде инвесттабыс есептелді. Номиналды түрде бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.
Жыл басынан бері инвестициялық кіріс негізінен бағалы қағаздардың сыйақы есебінен қалыптасқан. Бағалы қағаздар сыйақысының үлесіне 775,8 млрд теңге (63%) келеді Сыртқы басқару – 357,4 млрд теңге (29%), шетел валютасын қайта бағалау 148,4 млрд теңг
БЖЗҚ бірыңғай төлемнен тіс емдеуге қаржы алуды жарты жылға тоқтата тұратынын хабарлады.