Жаңалықтар

«Астана» теміржол вокзалы автотұрағындағы тарифтер жаңарды

«Астана» вокзалы автотұрағындағы тарифтер жаңарды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Астана» теміржол вокзалының ақылы автотұрағындағы тарифтер бағасы жаңартылды. Бұл туралы Transportation Systems компаниясы хабарлады.

Ереже 5 тамыздан бастап іске қосылады. Автотұрақта тұрған әр сағат үшін 200 теңге төлеу қажет.

«Құрметті» Астана» теміржол вокзалының тұрағына келушілер! Барлық пайдаланушылар үшін неғұрлым ыңғайлы жағдай қамтамасыз ету мақсатында тұрақта 2 сағаттан 6 сағатқа дейін 1 мың теңге тосқауыл тарифі жойылады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін автотұрақта 2 сағат бойы тегін, 2 сағаттан көп болған жағдайда әр сағат үшін 1000 теңге төлеу керек болған.

1 тамыздан бастап Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 90 теңгеден 110 теңгеге дейін қымбаттайды. Әкімдіктің мәліметінше, қалалық маршруттарда 90 теңгелік тариф 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленген. 

2020 жылдың наурыз айынан бастап Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектер, зейнеткерлер, көпбалалы аналар үшін қоғамдық көлікте жол жүру тегін.