Henley & Partners рейтиінгі: «төлқұжат күші» бойынша Қазақстан 64-орында

Жарияланды (жаңартылды )
Henley & Partners рейтиінгінде Қазақстан 64-орынға тұрақтады/ kursiv.media

Henley & Partners 2024 жылғы «төлқұжат күші» рейтингінде Қазақстан 70-орыннан 64-орынға көтерілді. Компания жыл сайын азаматтардың визасыз бара алатын елдер саны бойынша «төлқұжат күшін» өлшейді.

Аталған компанияның мәліметі бойынша қазақстандықтар 77 елге визасыз саяхат жасай алады, бұл бір жыл бұрынғыдан бір саты жоғары.

Қазақстан «төлқұжат күші» бойынша Орталық Азияның елдерінен әлі алда. Рейтингте Қырғызстан – 76, Өзбекстан – 78, Тәжікстан – 82, Түркіменстан – 89 орынға тұрақтады.

Рейтингтің көшбасшысы – Сингапур азаматтары 195 елге визасыз саяхаттайды. Одан кейін азаматтары 192 елге визасыз бара алатын бес ел – Франция, Германия, Жапония, Италия және Испания тұр.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан әлемдік паспорт индексінде 66-орынға көтерілді. Зерттеу жасаған Henley & Partners компаниясы қазақстандықтардың әлемнің 78 еліне визасыз бара алатынын жазды.

Қазақстандықтар Еуропа шекарасына өтуі үшін Шенген визасын алуы керек. «Курсив» бұл жөнінде егжей-тегжейлі жазып, кеңінен мәлімет ұсынды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Еуропалық Одақ елдерімен визалық режимді жеңілдету жұмыстарын жүргізуде. Бірақ кей азаматтарымыздың кесірінен бұл процесс күрделенуі мүмкін. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров құжаттарды қолдан жасау фактілерінің көбейіп бара жатқанын айтады. Бұл Шенген визасын беруден бас тартудың артуына алып келеді.

Сондай-ақ оқыңыз