Lifestyle

Париж-2024: жеребе нәтижесінде қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды

Қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болды / Фото: Ұлттық олимпиада комитеті, Сали Сабиров

Париж-2024 Олимпиада ойындары бокстан әйелдер және ерлер арасындағы турнирдің жеребесі тасталып, боксшылардың қарсыластары белгілі болды.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті отандық спортшылардың алғашқы қарсыластарының тізімін жария етті.

Әйелдер:

  • 50 келі:  Назым Қызайбай – Джиордана Соррентино (Италия)
  • 57 келі:  Карина Ибрагимова – Лозада Мотта Ашлейан (Пуэрто-Рико)
  • 75 келі: Валентина Хальзова – Атейна Билон (Панама)

Ерлер: 

  • 51 келі: Сәкен Бибосынов – Самет Кумуш (Түркия)
  • 57 келі: Махмұд Сабырхан – Хосе  Кильес (Испания)
  • 63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаррече Конде (Испания)
  • 71 келі: Асланбек Шымбергенов – Зияд Ишиаш (Иордания)
  • 80 келі: Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс (Австралия)
  • 92 келі: Айбек Оралбай – Олайтан Адам Олаор (Нигерия)
  • +92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев –  Гадфа Дрисси (Испания)

Айта кетейік, 1996 жылғы Атлантада өткен жазғы Олимпиада ойындарынан бері қазақстандық боксшылар елге қоржынына әрдайым олимпиада медалін алып келеді. Соңғы Токио-2020 Олимпиада ойындарында 2 қола медаль алған. Ел қоржынына екі қола медаль салған Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасына да аттанған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Париж-2024 жазғы олимпиадасына спорттың 25 түрінен 92 лицензия жеңіп алды. Ел намысын қорғауға барлығы 80 спортшы аттанды.

Олимпиаданың ресми ашылу салтанаты 26 шілде күні Астана уақытымен 20:00 басталады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс кестесіне байланысты ашылу салтанатына бара алмайтын болды.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды. Қазақстан теннис федерациясы спортшының денсаулығында кінәрат болғандықтан, осындай шешім қабылдағанын түсіндірді.