27 шілдеден бастап «Қорғаста» багажды тасымалдау құны өзгереді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Багажды тасымалдау тарифі 1 келісі үшін 100 теңгеге дейін көтеріледі / shutterstock

«Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының басшылығы багажды тасымалдау тарифін 1 келісі үшін 100 теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Шекара маңы ыңтымақтастығы халықаралық орталығы хабарлады.

ШЫХО баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешім «Қорғас» аумағында багажды тасымалдау қызметін көрсететін компаниялардың бірнеше рет өтініш жасауы негізінде қабылданған.

«Багажды қабылдау/беру бойынша қызмет көрсету сапасын жақсарту және туристердің/келушілерге ұсынылатын қызметті жақсарту мақсатында багаждың 1 келісі үшін багажды тасымалдау тарифін 100 теңгеге дейін арттыру туралы шешім қабылданды. Тариф 2024 жылдың 27 шілдесінен бастап багажды тасымалдаушылармен қосымша келісімге қол қойылғаннан кейін күшіне енеді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі уақытта жүк тасымалдаудың келісі 80 теңге. Бұл – Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың негізгі нүктесі.

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы  халықаралық орталығы үш жылдық үзілістен соң, 2023 жылдың 24 сәуірден бастап қайта ашылған еді

Сондай-ақ оқыңыз