ҰҚК жүргізушілерге Ресей шекарасынан өтетінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін ескертеді

Жарияланды
кпп
«Сырым» бақылау бекеті арқылы өтетін кезде жүргізушілер кезекте ұзақ тұруы мүмкін / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Жүк көлігін жүргізушілер Ресей мен Қазақстан шекарасынан өтетін кезде қиындықтарға тап болуы мүмкін. Бұл жайлы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ескертті.

ҰҚК Шекара қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Ресей шекарасындағы «Сырым» бақылау бекеті арқылы өтетінде жолаушыларға уақытша қиындықтарға болуы мүмкін. Жүргізушілердің жол жүруіне Ресейдің «Маштаково» бекетіндегі жол төсемін жөндеу жұмыстары кедергі болатыны айтылған. Жол төсемін жөндеу жұмыстары 29 шілде мен 3 тамыз аралығында жүргізіледі.

«Басқа пунктер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – деп ескертеді шекара қызметі.

Еске сала кетсек, 7 шілдеде бұл бекетте жүк көліктерінің кептелісі пайда болды. Ол кезде 200-ге жуық жүк көлігінің шекарадан өтуі ұзаққа созылып кетті. ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің БҚО департаменті  автомобильдердің кідірісіне Ресей тарапынан жүргізіліп жатқан тексеріс шаралары себеп болғанын айтты.

Жалпы, Ресеймен шекарада жүк көліктерінің ұзақ тұрып қалуы – жиі болатын оқиға. Былтыр Ресей Федерациясы мен ҚР арасындағы шекара бекеттерінде электронды кезектің енгізілуіне байланысты жүк көліктерінің өтуі қиындап кеткен. 

Сондай-ақ оқыңыз