Жаңалықтар

8 жасынан бастап туған қызын зорлаған әскери адам 20 жылға сотталды

Өзінің қызын зорлаған айыпталушы 20 жыл жазасын өтейді/ коллаж kursiv.media

Алматы облысында туған қызын жылдар бойы зорлаған әскери адам туралы үкім шықты. Адвокат Айман Омарова қылмыскер 20 жылға бас бостандығынан айырылғанын мәлімдеді.

Бұған дейін жәбірленуші ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мен «СамұрықҚазынаТраст» қолдауымен жүзеге асырылатын «One-Stop-Service» («Бір Қадам») жобасына жүгінген.

«Жаңа ғана Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында (судья Королевская Т.) Б.Е.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу тағайындалды. Ол алты баланың әкесі болса да, өзінің кішкентай қызына (8 жастан бастап) жыныстық қатынас  жасады», – деп жазды әлеуметтік желіде Айман Омарова.

«Курсив» Алматы облысында қыздарын зорлаған азғын әкелерге қатысты екі резонанстық қылмыстық істің жуырда аяқталатыны туралы жазды. Бірі екі қызына 10 және 16 жасынан бастап азғындық жасаса, енді бірі қызына 6 жасынан бастап зорлық-зомбылық көрсетіп келген. Күдіктінің бірі жоғары лауазымды әскери қызметкер болып шықты.