Lifestyle

Париж-2024: Олимпиаданың алғашқы ресми жарыс күнінде қазақстандық атлеттер қандай спорт түрінен сайысқа шығады?

олимпиаданың
Олимпиаданың алғашқы жарыс күнінің кестесі шықты / Фото: Ұлттық олимдиада комитеті,

27 шілде Париж Олимпиадасының алғашқы ресми жарыс күнінде қазақстандық споршылар 8 спорт түрінен сайысқа шығады. Ұлттық олимпиада комитеті қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынды.

Алғашқы ресми жарыс күнінде 14 жүлде сарапқа салынады. Ал қазақстандық атлеттер академиялық есу, нысана көздеу, дзюдо, теннис, тас жолдағы велоспорт, спорттық гимнастикадан бақ сынайды. 28 шілдеге қараған түні үстел теннисі мен бокстан алғашқы жарыс өтеді.

XXXIII Жазғы Олимпиаданы Qazaqstan, Qazsport, Хабар, Ел арна және JibekJoly телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Ескерту: жарыс кестесі Астана уақытымен көрсетілген

Академиялық есу 

Владислав Яковлев 12:00

Нысана көздеу

12:00 – іріктеу, 13:30 – финал

Ислам Сәтпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле

13:30, 15:30 – іріктеу

Никита Чирюкин, Ирина Юнусметова

Дзюдо

13:00 – іріктеу, 19:00 – жартылай финал, финал

Абиба Әбужақынова, Елдос Сметов

Теннис

15:00 Юлия Путинцева – М. Костюк (Украина)

18:00 Александр  Бублик – Т. Фриц (АҚШ)

Спорттық гимнастика

18:30 – іріктеу

Милад Карими, Нариман Курбанов

Тас жолдағы велоспорт

19:32 – финал Евгений Федоров

Үстел теннисі

00:30 (28 шілдеге қараған түні)

Кирилл Герасименко – Н. Бургос (Чили)

Бокс

00:52 Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаречче (Испания)

26 шілде күні Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Ұйымдастырушылар дәстүрлі форматтан айналып өтіп, ашылу салтанатын Сена өзенінің үстінде өткізді. Жарысқа қатысушы елдер шеруі арнайы қайықтардың үстінде ұйымдастырылған. Қазақстан құрамасы Жапония, Иордания және Кения мемлекеттерімен бір қайықта жүзіп өтті. 

Салтанатты рәсімде Қазақстан байрағын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова көтеріп шықты.

Қазақстан құрамасы Париж-2024 жазғы олимпиадасына спорттың 25 түрінен 92 лицензия жеңіп алған. Ел намысын қорғауға 80 спортшы аттанды. 

Олимпиадаға қатысатын Қазақстан делегациясына 900 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді.

«Қазақстандық делегацияның қатысуына жұмсалған шығын көлемі қазір 896 млн 687 мың теңге. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген бұл қаражатқа спорт нысандарын жалға алу, сақтандыру, қазақстандық делегацияның ұшуы, штаб мүшелерінің тұратын орны мен тамақтануы кіреді», – делінген минстрлік хабарламасында.

Париждегі Олимпиада ойындарына барлығы 209 қазақстандық барды.