Қостанай облысында жер сілкінді
Қазақстан геофизикалық зерттеулер институты Ұлттық деректер орталығының дерегінше, Қостанай облысында жер сілкінді. Магнитуда күші – 3,9.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым жерде болған.
2024 жылы 27 шілде күні, Астана уақыты бойынша 09 сағат 54 минутта (Гринвич бойынша 04 сағат 54 минут) Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай жер 21 км жерде сейсмикалық оқиға болды. Эпицентрдің координаттары: 52.81 градус солтүстік ендік, 63.28 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=3.9. Энергетикалық класс К=9.4″, – делінген хабаламада.
Алайда аймақ тұрғындарына қанша балл болып сезілгені нақтыланбаған.
13 маусымда Алматы мен Талғар тұрғындары жер сілкінісін сезген болатын. 2024-2028 жылдар аралығында Қазақстан аумағында жер сілкінісін болжайтын 285 сейсмикалық станса орнатылатын болады. Үкіметтің Сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Алматыда 26 шілде сағат 10:00 құтқарушылар жер сілкінісі туралы хабарлау жүйесін сынақтан өткізді.