Ең қымбат және ең арзан Олимпиада: Ірі жарыс ұйымдастыруға қанша қаржы кетеді?

Жарияланды
Олимпиада ұйымдастыруға қанша қаржы қажет -/ Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Олимпиада өткізуге ниетті қалалар халықаралық олимпиада комитетіне өтінімді бағалау, дайындау және жіберуге миллиондаған доллар жұмсайды. Жоспарлау, кеңесшілерді жалдау, іс-шараларды ұйымдастыру және қажетті саяхат құны кемі 50 миллионнан 100 миллион долларға дейін жетеді. Халықаралық қатынатар кеңесі зерттеуіне назар аударсақ, олимпиада ойындарының өткізу статусын жеңіп алудың өзіне қыруар қаражат қажет. Мылалы, Токио 2016 жылғы сәтсіз өтініміне 150 миллион доллар жұмсады, ал 2020 жылғы сәтті өтінімі үшін оның жартысына жуық қаржы кетті. Торонто 2024 жылғы өтінімге қажет 60 миллион долларды төлей алмаймыз деген шешімге келді.

Халықаралық олимпиада комитеті Олимпиада өткізетін қаланы таңдаған соң, спортшылар мен туристер ағынына дайындалуға шамамен он жыл уақыт бар. Қысқы ойындар кезінде үш мыңнан астам спортшы жүзге жуық жарысқа қатысқан, бұл он мыңнан астам спортшымен салыстырғанда, жазғы ойындар әлдеқайда ауқымды, жүз мыңдаған шетелдік туристерді тартады. Ең шұғыл қажеттілік – велотректер мен шаңғымен трамплиннен секіру алаңдары. Себебі – олар күрделі әрі қымбат инфрақұрлым. Олимпиада қалашығы, ашылу және жабылу салтанаттарын өткізуге жеткілікті үлкен орын, стандартқа сай спорт нысандарын құру немесе жаңарту сияқты жобалар қыруар қаржыны талап етеді.

Қымбат инфрақұрлым мен бюджеттен тыс шығындар

Олимпиаданы өткізу құны соңғы жылдары Сочидегі 59,7 миллиард доллардан Солт-Лейк-Ситидегі 2,9 миллиард долларға дейін айтарлықтай өзгерді.

ХОК-тың инфрақұрылымға қойған талабы бойынша, олимпиада ойындары кезінде қалада спорт нысандарынан бөлек, 40 мың қонақ үй, атлеттердің және олардың жаттықтырушы ұжымына 15 мың  хостел болуы тиіс.

Халықаралық қатынатар кеңесінің мәліметінше спорт инфрақұрлымы үлкен қаржыны талап етеді. Мысалы, 2014 жылғы Сочи ойындарының 50 млрд доллардан астам бюджетінің 85 пайызы спорттық емес инфрақұрылымды нөлден бастап құруға жұмсалды. Бейжіңдегі 2008 жылғы 45 миллиард долларлық бюджеттің жартысынан астамы теміржол, автомобиль жолдары мен әуежайларға жұмсалса, төрттен бір бөлігі қоршаған ортаны тазартуға жұмсалды. 

ХҚК зерттеуіне қарасақ, ешбір олимпиада алғаш бекітілген бюджетпен шектелмейді. Он жыл ішінде әлемдік доданы қабылдайтын елдердің шығыны тек өсумен келеді. Себебі 8-10 жылдың ішінде салынуы тиіс инфрақұрлымның қымбаттауы, операциялық шығындардың күрт өсуі және экономикалық кері әсерлердің жиынтығы шығынның еселенуіна алып келеді. Инфрақұрлымнан бөлек, соңғы жылдары операциялық шығын ішінде – қауіпсіздік саласы үлкен бюджетті талап етеді. Мәселен, 2000 жылдары Сидней бұл салаға 250 миллион доллар жұмсаса, соңғы кездері жұмсалған қаржы 2 миллиар доллардан кем емес.

Токио олимпиадасын  үлкен бюджеттен тыс шығынға мысал ретінде  келтіруге болады. Олимпиада қарсаңында Жапония ковидтен қорғаныс шараларына 2,8 миллиард доллар қаржы жұмсаған. Осылайша олимпиада өткізуде инфрақұрлым шығынынан бөлек, операциялық шығынның өсуі қалыпты жағдайға айналып келеді.

Париж Олимпиадасының ықтимал шығындары қандай?

Париж 2017 жылы өтінімін жеңіп алған кезде 2024 жылғы Олимпиадаға шамамен 8 миллиард доллар бөлді. Содан бері қала бюджетіннің шығыс бөлігі бірнеше миллиард долларға артты.  

Париж соңғы онжылдықтағы ең арзан жазғы олимпиада ойындарын болуы мүмкін. S&P Global Ratings талдауына сәйкес, футболдан Еуро-2016 чемпионатын қабылдауға салынған нысандар көп инфрақұрлымдық шығынды талап етпейді. Дегенмен де, Франция астанасы үшін олимпиада қалашығының шығыны  4,5 миллиард долларға жетті.

Олимпиада медалі: Көшбасшы елдер және  бірді-бір медаль алмаған елдер

Олимпиада комитетінің дерегі бойынша, 1896 жылғы Олимпиада ойындарынан бастап тарихта ең көп медаль қоры бойынша АҚШ көш бастап тұр. Жалпы, АҚШ құрамасы жеңіл атлетикадан 827 медаль жеңіп алды, бұл басқа елдердің бүкіл дерлік медаль санынан көп. 1922-1991 жылдар аралығында өмір сүрген бұрынғы Кеңес Одағының еншісінде 1204 медаль бар. Бестікке кіретін Қытай елі де алғаш рет олимпиада ойындарына 1950 жылы қатысқанымен, келесі ойындардан бастап 30 жыл бойы ешбір додаға қатыспады.

Аймақтық тұрғыдан алып қарасақ, Еуропа әрбір үшінші медальді алып келеді. Екінші жағынан бірде-бір олимпиада жүлдесін алмаған елдердің саны 60-тан асады. Мысалы, ондай ел қатарына  Боливия мен 170 миллионан астам халқы бар Бангладеш елдерін айтуға болады.

ХОК Қазақстан атлеттерінің 15 медалін тізімнен шығарды

Халықаралық олимпиада комитеті  жанындағы «world anti-doping agency» шешімі бойынша санкциялар мен шектеулер нәтижесінде Қазақстан атлеттерінің 15 медалін «әділетсіз» деп, тізімнен алып тастаған. Комитет Қазақстан жүлде қорынан 2008 жылы өткен Бейжің жаздық олимпиадасында 1 күміс, 3 қоланы, 2012 жылы өткен Лондон олимпиадасында 4 алтынды, ал 2016 жылы өткен Рио де Жанейро жаздық олипиадасында Қазақстан атлеттерінің 1 алтынын тізімнен шығарды.

ХОК жанындағы допингпен күресі агенттігі өзге ел спортшылардың да жүлде қорын тізімнен шығарудың арқасында олимпиада ойындарындағы спорт түрлерінен  3-6 аралығында  орын алған  Қазақстан атлеттері ойлмаған жерден  13 медаль алды. Комитеттің шешімі бойынша егер белгілі бір елдің спортшысынан допинг анықталса, онда ол жүлдеден айырылып, оның орнына келесі орын алған атлетке беріледі. Осылайша, ХОК домпингтік тексеру аясында 2008 жылдан бері жүздеген спортшының жүлдесінен айырып, келесі атлетке беріп отырған.

Сондай-ақ оқыңыз