Салахаддиннің өмір салты, қыз алып қашу, ежелгі хороводтың құпиясы: Qalam-ның апта тыңдауы

Жарияланды 27 Шілде 2024 09:40

(жаңартылды 29 Шілде 2024 11:22)
Салахаддиннің өмір салты, қыз алып қашу, ежелгі хороводтың құпиясы: Salam-ның апта таңдауы / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін, тарих пен мәдениетке арналған Qalam порталында жарияланған материалдар топтамасын ұсынамыз. Осы аптада: Теңіз түбінен табылған қаһармандардың атақты болмауының себебі неде, Қытай мәдениетінде сары түсті неге ерекше құрмет тұтады деген сұраққа жауап тауып, «Апта картинасы» айдарында Әбілхан Қастеевтің «Қыз алып қашу» туындысының сюжеттік талдауымен танысасыздар. Сондай-ақ петроглифтегі жартастағы хороводпен жүрген адамдар той тойлап жүр ме әлде жаназа шығарып жатыр ма деген сауал төңірегіндегі пікірлерді оқып, ұлы қолбасшы Салахаддин Аййубтың өмір салтымен танысасыздар.

Теңіз түбінен табылған қаһармандар

Риаче жауынгері. «А моделі» немесе «Жас» (Giovane). біздің дәуірімізге дейінгі 460-450 жж/Shutterstock

Сіз, целлофан, пенициллин, рентген, микротолқынды эффект, сиялы принтер деген заттардың кездейсоқ, сәтсіз жасалған зерттеу жұмысының нәтижесі екенін білесіз бе? Бұл өнер туындысы да теңіз түбінен кездейсоқ табылған, бірақ аты әлемге жайылған атақты болу олардың маңдайына жазылмаған екен, себебін материалымыздан оқыңыз.

Билік пен бейбастық түсі

Тыйым салынған қаланың алтын шатыры, Бейжің, Қытай/Shutterstock

Cарыөзенді (Хуанхэ) «күллі Қытайдың анасы» деп атайды. Өйткені аталмыш өзен алабының орталық бөлігінде тұнба шөгінділерінен пайда болған құнарлы Лесс үстіртінде Қытай өркениеті бастау алады деген сөз бар. Қытай мәдениетінде Сары түс ең сакралды һәм ең сорақы ұғыммен де тіркес ретінде қолданылады.

Қыз алып қашу

Әбілхан Қастеев. «Қызды еріксіз әкету» 1937 Кенеп, май/Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі

Әбілхан Қастеевтің бұл туындысының сюжетінде көп нәрсе бейнеленген. «Қыз алып қашу» ұғымы Қазақстанның ұлы суретшісі Әбілхан Қастеевтің шығармасында мүлде басқа қырынан ашылған.

Ежелгі хороводтың құпиясы

Ешкіөлмес. Хормен жүру. Сурет/Ольга Гумирова

Би өнері палеолит кезеңінен бері діни жоралғының бір бөлшегі болғанын археологтар мен этнограф ғалымдар растап отыр. Дәл хороводтағыдай бір-бірінің қолынан ұстап, топтасып билеген адамдардың бейнесі әлемнің әр түкпіріндегі тасқа қашалған суреттердің арасынан табылады. Қазақстан аумағындағы петроглифтерде де бұл үрдістен қалыс қалмаған. Солардың арасынан ең мәшһүрі — Таңбалы тастағы билеген төрт адамның бейнесі болса керек.

Салахаддиннің өмір салты

Кристофано дель Альтиссимо. Салахаддиннің портреті, 1568/Уффици галереясы/Wikimedia Commons

Мысырдағы Аййубилер әулетінің негізін қалаушы, ұлы қолбасшы, крест жорықшыларына Құдайдың жіберген қаһары, Англия королі Арыстан жүректі Ричардтың (1189–1199) жеке дұшпаны һәм досы болған Салах әд-Диннің ұстанымы туралы материалдан оқыңыздар.

Сонымен қатар өткен апта таңдауына да көз жүгіртіп өтіңіз.

Сондай-ақ оқыңыз