Жүлде қоры 350 мың еуро: Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media

Астанада 1-5 тамыз аралығында рапид және блиц бойынша (FIDE World Rapid and Blitz Team Championships 2024) шахматтан әлем чемпионаты өтеді. Бұл жарыстың жүлде қоры – 350 мың еуро. Биылғы әлем чемпионатына заманымыздың ең үздік шахматшысы Магнус Карлсен басқарады, сондай-ақ қазіргі әлем чемпиондары Цзюй Вэньцзюнь мен Дин Лижэнь қатысады.

Шахматтан әлем чемпионаты былтыр Германияның Дюссельдорф қаласында өткен. Ұйымдастырушылар биылғы чемпионат одан да ауқымды әрі қызықты өтетініне сенімді. Өйткені бұл жолы рапидке блиц қосылған.

Рапид және блиц бойынша командалық жарыста кім, қашан және қалай шығатыны белгілі болды.

Жалпы, 1 тамызда басталатын чемпионат бүкіл әлемге әйгілі жұлдыздардың бұрын-соңды болмаған көптігімен ерекшеленеді. Аталмыш WR Chess Team үшін көп дүркін әлем чемпиондарына және ерлер мен әйелдер рейтингтеріндегі нөмірі бірінші шахматшылар Магнус Карлсен (2832) мен Хоу Ифаньнан (2632) басқа әлемнің тағы бір экс-чемпионы – Александра Костенюк (2488, әйелдер рейтингінде № 13), сонымен қатар супергроссмейстерлер квинтеті – әлемдік шахмат тәжі үшін соңғы екі кездесуге қатысқан Ян Непомнящий (2770, рейтинг-листінде № 5), 2022 жылғы олимпиада чемпионы Нодирбек Абдусатторов (2769, № 6), 2024 жылғы үміткерлер турниріне қатысқан Прагнанандха Рамешбабу (2757, № 8), 2021 жылғы Әлем кубогының иегері Ян-Кшиштоф Дуда (2733, № 16) және рапидтен ӘМ-2022 күміс жүлдегері Винсент Кеймер (2721, № 21) ойнайды.

Ал Kazсhess командасында көпті көрген тәжірибелі ойыншылар мен өршіл жастар бірікті: блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева (2472), Әлішер Сүлейменов (2488) пен Алдияр Аңсат (2458) KazChess/ҚШФ бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасовпен (2629 – бейактивті рейтинг), сондай-ақ жұлдызды Шахрияр Мамедьяров (2726, № 19), Александр Грищук (2708, № 28) және Пётр Свидлермен (2698, № 35) бір командада ойнайды.

Шахмат мерекесі 1 тамызда кешке Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) 100 жылдығына арналған олимпиада алауының эстафетасынан және 10-23 қыркүйек аралығында Венгрия астанасы Будапештте өтетін 45-ші шахмат Олимпиадасынан басталады. Олимпиада алауын Қазақстанның көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, спорт жұлдыздары кезекпен алып жүрсе, оның көмегімен үлкен тостағанды Магнус Карлсен мен Хоу Ифань жағады.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 350 000 евро, оның ішінде €250 000 рапидке бөлінген, оның €100 000 – жеңімпаз командаға және €100 000 блицке бөлінген, оның €40 000 – жеңімпаз атанған командаға беріледі. Әр санаттағы үздік үш команданың мүшелері кубоктар мен ақшалай сыйлыққа қоса алтын, күміс және қола медальдарға ие болады.

Бұған дейін KazChess/Қазақ шахмат федерациясының (KCF) президенті Тимур Турлов отандық шахмат ойынын дамыту жоспарын бөліскен.

Сондай-ақ оқыңыз