Париждің жазғы олимпиадасаның ашылуында диктор Оңтүстік Корея мемлекетінің атын атағанда қателік жіберді. Осы елдің делегациясын «Корей халық-демократиялық республикасының өкілдер» деп екі мәрте атаған. Бұл туралы шетелдік ақпарат құралдары жазды.
КХДР – Солтүстік Кореяның ресми атауы. Екі елдің бір-бірімен қырғи-қабақ екені белгілі. Олимпиаданың салтанатты ашылуына қатысқан Оңтүстік Корея министрінің орынбасары Чан Ми Ран жедел түрде халықаралық олимпиада комитеті басшылығымен кездесу ұйымдастыруды сұрап, делегация басшысы Чон Ган Сунға жергілікті атқару комитетінен осы оқиғаға байланысты жедел жауап беруді талап етуді бұйырды.
Титр жазуында Корея Республикасы деп дұрыс жазылған. Бірақ Сене өзенінде халық алдына шыққан оңтүстіккореялық делегация атын «Republique populaire Democraticique de Coree» деп жаңсақ хабарлады.
Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах Х әлеуметтік желідегі парақшасында кәріс тілінде кешірім сұрап жазба қалдырды.
«Олимпиаданың ашылу салтанатында Оңтүстік Корея делегациясын таныстыру кезінде орын алған қателік үшін кешірім сұраймыз», – деп жазды Бах.
Париждегі іс-шарада трансгендерлер Леонардо до Винчидің «Құпия кеш» туындысының негізінде көрініс жасады. Бұған Еуропарламент депутаты Марион Марешаль наразылық білдіріп, осы арқылы «христиан қауымын жәбірледі» деп айып тақты. Француз епископтары да наразы екенін жеткізді. ХОК ресми аккаунтынан «Құпия кеш» бейнепародиясының жазбасын алып тастады.
Әзербайжан Республикасы тарапы да халықаралық олимпиада комитетіне тележүргізушінің Қарабақ мәселесіне қатысты пікір білдіруіне байланысты шағым дайындап жатқанын хабарлады. Fransa-2 телеарнасының дикторы тікелей трансляция кезінде армян делегациясын таныстырған уақытта «Өткен жыл Армения үшін аза тұту жылы болды және Әзербайжан әскерінің қолына өткен Қарабақтан айырылды», – деп хабарлаған.