Шымкент индустриялық аймағындағы өрт сөндірілді. Шымкент қалалық төтенше жағдай департаменті 10 адам зардап шеккенін хабарлады. Оның біреуі уланса, 9-ын күйік шалды. Соның ішінде 8 адам ауруханаға жатқызылды.
27 шілде күні Шымкент қаласының Еңбекші ауданында «Ордабасы» индустриальды аймағында күкірттен өрт шықты. Оқиға орнына ТЖД күштері келген. Оларға Түркістан облысынан келген жұмыс тобы көмектесті.
Жақын маңда тұратын 443 адам көшірілді. Түнгі мезгілде шымкенттіктер жағымсыз иіске шағымданды.
«Ордабасы» индустриальды аймағы «KMG Supple Company» ЖШС-на тиесілі. Өрттің аумағы 1200 шаршы метрге жетті. Кәсіпорын аумағында бір жеңіл автокөлік қоса өртенді. Полиция өрт болған жерді қоршады. СЭС қызметкерлері сынама алды. Төтенше жағдай жөніндегі министрлік өрттің шығу себебін анықтауда.
Өртті сөндіруге ТЖМ, ЖАО, ӨККД, 102, 103, СЭС жеке құрамынан 300-ге жуық адам, 100-ден астам техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.
Өткен аптаның сенбісінде Қарағанды 8 жұмысшы жарақат алып, денелерін күйік шалды. Ауыр жарақат салдарынан төрт жұмысшы көз жұмды. Нұрлан Нығматулиннің егіз інісі –Ерлан Нығматуллинге тиесілі YDD Corporation компаниясында болған қайғылы оқиғаны премьер-министр Олжас Бектенов өз бақылауына алды. Сондай-ақ бұл оқиғаны тексеру үшін арнайы републикалық комиссия құрылады.