Швейцария Ресейдің тыйым салынған активтерінен түскен кірісті Украинаға бермейді – БАҚ

Жарияланды (жаңартылды )
Швейцария Ресейдің активтерінен түскен кірісті Украинаға бөлмейді/ фото kursiv.media архивінен

Швейцария Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен кірісті Украинаға аудармайды. BBC агенттігі Экономикалық мәселелер жөніндегі мемлекеттік хатшылық Швейцарияның Еуропалық Одақтың жетегіне ермейтінін нақтылағаны туралы жазды.

Швейцария ел заңнамасына және халықаралық міндеттемелерге бұған жол бермейтінін, «Ресей орталық банкінің қаражатына байланысты тікелей кіріс ала алмайтынын» мәлімдеді.

2024 жылдың сәуіріндегі жағдай бойынша Ресей Орталық банкінің Швейцарияда бұғатталған активтерінің жалпы құны 7 миллиард швейцариялық фракнтен асып жығылады. Бұған қоса, бұл елде Ресеймен байланысы бар жеке тұлғаларға немесе компанияларға тиесілі қаражатқа тыйым салынған.

26 шілде күні Еуроодақ Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен табыстан Украинаға 1,5 млрд еуро көмек жіберді. 2024 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Euroclear бұғатталған ресейлік активтерді инвестициялаудан пайыздық кіріс түрінде 3,4 миллиард еуро алды.

Сондай-ақ оқыңыз