Жаңалықтар

Альцгеймер дертінің дәрісін әзірлеуші ProMIS өз капиталдануының 20%-дан астамын жоғалтты

Альцгеймер дертінің дәрісін жетілдіру үшін ProMIS-ке қаражат қажет / shutterstock

26 шілдеде Альцгеймер дерті мен бүйірлік амиотрофиялық склероздың (БАС) дәрісін әзірлеп жатқан ProMIS Neurosciences акциясының бағасы 20%-ға төмендеді. Компания 122,7 млн долларға дейін акция орналастырғаны және негізгі нарықтық препарат болады деп отырған, денсаулығы жақсы еріктілерге қолданылып сыналған дәрісінің клиникалық зерттеуде оң нәтиже бергені туралы жариялады.

Толығырақ

26 шілде күні ProMIS Neurosciences акцияларының саудасы жылдам қымбаттаумен басталды. Тіпті әр акция құны 4,12 долларға дейін барған да сәт болды. Бірақ кейін баға күрт төмендеп, қағаздар 20,7% – 1,6 долларға дейін арзандады.

Жұма, 26 шілде күні, таңертең ProMIS арасына бес минут салып бірден екі жаңалық жариялады. Біріншісі, оның PMN310 молекуласы дені сау еріктілерге сынаған кезде қауіпсіз болып шыққан. PMN310 деген – Альцгеймер дертін емдеу үшін әзірленген моноклоналдық антидене. Бұл – компанияның нарыққа шығаруды жоспарлап отырған негізгі препараты.

Екіншісі – 122,7 млн долларға дейінгі сомада акция орналастырғаны туралы жаңалығы. ProMIS жаңа және бұрынғы инвесторларға 30,3 млн доллар мөлшерінде акциялар сатады. Сондай-ақ компания қағаздарына 92,4 млн доллар көлемінде ордер де беріледі.

ProMIS-ке қосымша эмиссия не үшін керек?

Жиналған қаражатты ProMIS Альцгеймер дертіне қарсы молекуланың одан әрі клиникалық зерттелуіне жұмсауды жоспарлап отыр. Компания 26 шілде күні молекуланың қауіпсіз екенін әрі дені сау еріктілердегі гематоэнцефалдық кедергіні еңсергенін хабарлады.

Мәлімдемеде «Дертті ерте сатысында жоюға әлеуеті бар жаңашыл емдеу жолы болайын деп тұрған PMN310 – ProMIS пен Альцгеймер қауымдастығы үшін өте маңызды өзгеріс» деген компанияның бас директоры Нил Уорманың сөзі келтірілген.

Сынақтың келесі кезеңін ProMIS «таяу айларда» бастамақ. Бұл молекуладан басқа компания тағы бүйірлік амиатрофиялық склероз (БАС) бен көптеген жүйелік атрофия (КЖА) дәрісін де әзірлеп жатыр.

Акция жайы

MarketWatch дерегі бойынша, компания қызметін екі сарапшы бақылайды. Ол екеуінің ұсынысы – компания акцияларын сатып алу, орташа мақсатты бағасы 8,75 доллар.