Алакөлге құлаған дельтаплан Қазақстанда тіркелмеген және ұшуға рұқсат сертификаты болмаған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
дельтапланның
Дельтапланның ұшуға рұқсат сертификаты болмаған / Фото: hdpic.club, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алакөлге құлаған дельтаплан Қазақстандағы әуе кемелері тізіміне тіркелмеген. Оған қоса ұшуға жарамды сертификаты болмаған. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Оған қоса, дельтаплан ұшқышының қолданыстағы куәлігі жоқ. Қазір әуе құралының неге құлағанын құқық қорғау орындары анықтап жатыр.

Азаматтық авиация комитеті әуе құралын таңдағанда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:

  • әуе кемесінің иесінің уәкілетті органдар берген барлық қажетті лицензиясы мен сертификаты бар екеніне көз жеткізіңіз;
  • әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету қашан жүргізілгенін біліңіз;
  • ұшқыштың тәжірибесі мен біліктілігі туралы біліңіз. Оның әуе кемесінің белгілі бір түрін басқару үшін жеткілікті тәжірибесі болуы қажет;
  • әуе кемесінің иесі өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, соның ішінде жолаушылар алдындағы жауапкершілігін сақтандырғанына көз жеткізіңіз;
  • ұшу алдында қауіпсіздік бойынша нұсқама мен көрсетілім өткізілуі тиіс. Бұл сізге төтенше жағдайда қалай әрекет ету керек екенін білуге көмектеседі;
  • барлық апаттық-құтқару жабдығы (мысалы, құтқару кеудешелері) жарамды күйде екендігіне көз жеткізіңіз;
  • ұшу алдында ауа райының ұшу үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізіңіз. Қолайсыз ауа райында ұшудан аулақ болыңыз.

Жетісу облысы Денсаулық сақтау департаментінің ақпаратына сүйенсек, дельтапланда болған екі азамат қазір облыстық аурухананың неврология бөлімінде жатыр.

Бұған дейін Алакөлдің Жетісу облысы, Ақши ауылы маңында дельтаплан құлап, екі адам құтқарылған. Олар қазір ауруханада ем алып жатыр.

Өткен айда Ақтөбе облысында дельтаплан апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапқан. Құрылғы «Самғау АГРО» ЖШС-ге тиесілі болған.

Сондай-ақ оқыңыз