29 шілдеде оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріледі
29 шілдеде Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі деп хабарлайды «Қазгидромет«.
Агенттік ақпаратына сүйенсек, Астанада аздаған жаңбыр мен найзағай болады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, ал ауа температурасы +27°C дейін қызады.
Алматыда жауын-шашын болмайды. Жел жылдамдығы – 3-8 м/с, ауа температурасы +38°C дейін жетеді.
Шымкентте жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы – 5-10 м/с. ауа температурасы +37°C болады деп күтілуде.
Сондай-ақ, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай, Түркістан облыстарында да ауа температурасының +37-38°C дейін көтеріліп, аптап ыстық жалғасады.
Батыста күн бағамы +30°C көтеріледі деп күтілуде. Ал Солтүстікте орташа температура +20°C болады.
Шілденің басында оңтүстік және шығыс облыстарда нөсер жауын жауып, дауылды алдын ала ескерту жарияланған. Кейіннен циклонның ауысуы әсерінен жауын-шашын батыс пен солтүстікке өтіп, оңтүстік пен шығыста күн қатты ыстық болатыны ескертілген.