Қазақстан банктерінің таза пайдасы 10%-ға артты

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
2024 жылғы қаңтар-маусымда банктердің таза пайдасы 1 157 млрд теңгені құрады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

2024 жылғы қаңтар-маусымда банктердің таза пайдасы 1 157 млрд теңгені құрады. Бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,9%-ға көп.

Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен өтімді активтердің 5,8%-ға немесе 1,2 трлн теңгеге өсуі есебінен 3,9%-ға немесе 2,1 трлн теңгеге ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 7,5%-ға немесе 3,9 трлн теңгеге өсу). Осылайша 55,3 трлн теңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 16,3 трлн теңгені немесе активтердің 29,4%-ын құрады. Бұл банктерге міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

2024 жылғы маусымда екінші деңгейдегі банктер экономикаға берген кредиттер 2,0%-ға 30,1 трлн теңгеге жетті (2024 жылдың басынан бері 7,7%-ға өсу). Оның ішінде ұлттық валютада 1,5%-ға 27,6 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 7,4%-ға 2,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлесі 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 91,6%-ды құрады.

Бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер 2024 жылғы маусымда 2,0%-ға 11,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілетін кредиттер 1,6%-ға 9,8 трлн теңгеге дейін өсті. Оның ішінде ШОБ субъектілеріне қарыздар 5,8%-ға 5,9 трлн теңгеге дейін артты. Ірі бизнеске қарыздар 4,0%-ға 3,9 трлн теңгеге дейін азайды. Ол негізінен осы санаттағы банктердің бірінің ШОБ қарыздары санатына қайта жіктелуіне байланысты. Жеке кәсіпкерлерге берілетін кредиттер бір айда 3,8%-ға 1,9 трлн теңгеге дейін өсті.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар. Оның 11-і шетелдің қатысуымен құрылған, 8-і – еншілес банктер.

Бұған дейін Қазақстанда несиелер бойынша шекті пайыздық мөлшерлеме төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыз