Эпидемиологтар «Золотая жизнь» сусынынан өмірге қауіпті бояғыш тапқан

Жарияланды 29 Шілде 2024 13:30

(жаңартылды 29 Шілде 2024 14:09)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
«Золотая жизнь» сусынынан өмірге қауіпті бояғыш табылды / Фото: Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Ауғанстан өндіретін «Золотая жизнь» атты анар дәмі бар алкогольсіз газдалған сусынынан қауіпті бояғыш табылды деп хабарлайды Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Департаменттің мәліметінше, мониторинг барысында Қырғыз Республикасында құрамында азорубин (Е 122) бояғышының табылуына байланысты «Золотая жизнь» сауда маркалы анар хош иісі бар алкогольсіз газдалған сусын сатудан алып қойылғандығы анықталды.

Қазақстан Республикасында сатылатын «Royal», «Paradise», «Mani», «Pure», «Золотая жизнь» (Ауғанстан өндірген) анар хош иісі бар алкогольсіз газдалған сусындардың таңбалануы Кеден одағының «Тамақ өнімдерін таңбалау бөлігінде» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейді, атап айтқанда келесі мәліметтер жоқ:

1) «балалардың белсенділігі мен назарына теріс әсер етуі мүмкін бояғыш (азорубин Е122) бар деген ескерту жазбасы жоқ»;
2) тағамдық құндылықтың құрамы мен көрсеткіштері
3) дайындалған күні және жарамдылық мерзімі;
4) тағамдық қоспаның функционалдық (технологиялық) мақсатын көрсету (бояғыш, қышқылдықты реттегіш) және халықаралық цифрлық жүйеге (INS) немесе Еуропалық цифрлық жүйеге (Е) сәйкес тағамдық қоспаның индексімен ауыстырылуы мүмкін тағамдық қоспаның атауы;
5) дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, импорттаушы ұйымның атауы және орналасқан жері немесе импорттаушы дара кәсіпкердің тегі, аты және орналасқан жері;
6) Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісі.

«Осыған байланысты, ішкі нарықты қорғау және сәйкес келмейтін өнімді өткізуге жол бермеу мақсатында, сауда кәсіпорындары, көтерме және бөлшек сауда сатушыларын аталған сусындарды сатудан бас тартуды ұсынамыз», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тағамдық қоспалардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес, құрамында азорубин Е122 бар өнімдерге «балалардың белсенділігі мен назарына теріс әсер етуі мүмкін бояғыш бар» деген белгі қойылуы керек.

Сондай-ақ оқыңыз