«Қазмұнайгаз» бен «Қазақтелеком» акциялары қымбаттады: жұма күнгі саудада KASE индексі 0,5% өсті
26 шілде, жұма күнгі, сауда-саттықта KASE индексі 0,5%-ға өсіп, «Қазмұнайгаз» бен «Қазақтелеком» акциялары жақсы көрсеткіштер көрсеткен. Бұл жайлы Freedom Broker хабарлады.
«KASE индексі 0,5%-ға өсті. Жұма күнгі көтерілу индекс үшін таза ауа сияқты болды және көрсеткіш өсе береді деген сенім ұялатады», – деп хабарлайды Freedom Broker.
Сондай-ақ көрсеткіштердің өсуіне сыртқы факторлар да әсер еткен. Атап айтқанда, жұма, 26 шілде күні, АҚШ нарығы өте жақсы өсім көрсетіп, S&P 500 индексі 50 күндік орташа жылжымалы мәннен қайта көтеріліп, соңғы 3 сауда сессиясында болған құлдыраудың жергілікті толқынын тоқтата алған. Ал жеке тұтыну шығыстар (PCE) индексі және оның негізгі нұсқасы (Core PCE) бойынша макроэкономикалық деректер инвесторларды ынталандыра түсуге жол ашқан.
Ал NASDAQ және S&P 500 кең көлемде көтерілді, SP 500 фьючерстері сол күні таңертең тағы 0,45% өсім көрсеткен. Еуропада да жетекші индекстер көтерілген. Британдық FTSE100 баға белгілеулері жұма күні 1,21%-ға өскен.
Ал тауарлардың ішінде мұнай ең нашар көрсеткішке ие болған. Атап айтқанда, Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 80 доллардан төмен түсіп кеткен. Оның көрсеткіштері 79,3 доллар шамасында болған.
Осы сыртқы нарықтағы жағдайлар Қазақстан биржасына оң әсер еткен. Мәселен, жергілікті нарықта екі компания акциялары жақсы көрсеткіштерге жетті. Біріншісі – «Қазмұнайгаз» компаниясы. ҚМГ-ның акциялары біршама қымбаттап, IPO-дан кейінгі сауданың ең басынан бері айтарлықтай тұрақты өсу үрдісін көрсеткен. Сарапшылар бұл өсімге мұнайдың 80 доллардан төмен түсуі теріс әсер етуі мүмкін екенін ескертеді. Жақсы көрсеткіштермен көш басына шыққан екінші компания – «Қазақтелеком» АҚ. Оның динамикасы индекске сәйкес көтерілген. Сессия барысында акциялары 39 500 теңгеге дейін қымбаттаған.
Бір қызығы, жаһандық депозитарлық қолхат және ADS арасында оң динамика көрсеткен бағалы қағаздар болмады. Ал Kaspi өзінің 50 күндік орташа көрсеткішінен жоғарылап, 0,6%-ға көтерілген. «Қазатомөнеркәсіп» 1,6% жоғалтып, қолдау деңгейінен төмен түскен. Осы орайда сарапшылар бағалы қағаздар 37,8 долларға қайтып келуі тиіс деп санайды. Әйтпесе, жаһандық депозитарлық қолхат көрсеткіштерінің техникалық көріністері нашарлай түсуі мүмкін.
Жыл басынан бері Қазақстан қор биржасындағы жиынтық сауда-саттық көлемі 187,2 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,7 %-ға немесе 29,4 трлн теңгеге артық.