Жаңалықтар

Полиция қоғам белсендісі Арман Шораевты тергеуді тоқтатты

Қоғам белсендісі Арман Шораевты тергеу аяқталды/коллаж kursiv.media

Астана полициясы әйелге қол жұмсады деп айыпталған қоғам белсендісі Арман Шораевқа қатысты жүргізілген қылмыстық істің аяқталғанын растады. Тараптар татуласу туралы шешім қабылдаған.

«Осы фактіге байланысты «Ұрып-соғу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің «Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату» 68-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам мен жәбірленуші, егер олар өзара татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен келтірілген залалды өтесе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

«Тараптар өз құқықтарын пайдаланып, сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы арыз жазды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулыны қадағалау органы бекітті», – деп хабарлады Астана полициясының департаменті.

Интернетте бұған дейін белгісіз ер адамның әйелді ұрып-соғып жатқаны жайлы бейнежазба тарады. Михаил Козачковтың Telegram арнасында жарияланған видеода еркектің әйелді ұрып-соғып, оны көлікке отырғызбай жатқанын көруге болады. Журналистің сөзінше, кадрда қоғам қайраткері Арман Шораев және онымен бірге тұратын әйел бейнеленген.

Арман Шораев бұл істі мойындаған жоқ. Кейін Астана қалалық полиция департаменті Шораевтың тергеліп жатқанын хабарлады.