«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып Руслан Балықбаев тағайындалды. Руслан Әлібекұлы ірі жобаларды басқарады. Компания сайтында Балықбаев әзірге басқарма мүшесі ретінде көрсетілмеген.
Руслан Балықбаев Қазақстан-Британ техникалық университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру», Турин қаласының политехникалық университетін (Polytechnic University of Turin) мұнай инженері магистрі мамандығы бойынша бітірген.
2013-2024 жылдары Балықбаев «PSA» ЖШС-де менеджер, аға менеджер, департамент директоры, Солтүстік Каспий жобасы бойынша бас менеджер (Басқарма мүшесі) болып қызмет атқарды.
«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. 2019 жылдан бері Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.