Kaspi.kz 2023 жылы «Magnum E-commerce Kazakhstan» ЖШС акцияларының 90 пайыз үлесін иеленген. Қаржытех тобы компанияның жарғылық капиталына 5 миллиард теңге инвестиция салған. Бұл жайында Kaspi.kz-тің 2023 жылғы аудиторлық есебінде жазылған.
2023 жылдың ақпан айында топтың еншілес компаниясы – «Kaspi Магазин» «Magnum E-commerce Kazakhstan» ЖШС-нің 51 пайыз акциясын иелеген. Сол кезде компанияның жарғылық капиталына 5 млрд теңге инвестиция салды. 2023 жылдың барысында тағы да 30,01 пайыз акциясы топтың меншігіне өткен. Бұл акциялар басқарылмайтын қатысу үлесін өзгерту нәтижесінде туындаған түзету ретінде қабылданған.
Алдағы үш жылда қаржытех тобы компаниясы E-Magnum-ға 65 миллиард теңге инвестициялауды көздеп отыр.
Magnum E-commerce Kazakhstan фимасының қалған 9,9 пайыз акциясы «Magnum Cash&Carry» ААҚ иелегінде.
Kaspi.kz бұл мәміле өте тиімді болды деп есептейді. Өткені электронды сауданы дамыту Magnum Cash&Carry-дің ұзақмерзімді стратегиясына кірмегендіктен, осы бизнесті сатуға ынталы болған.
Сонымен қатар 2023 жылдың 12 қазанында топ Baring Vostok Private Equity Fund V компаниясының жанама еншілес ұйымы – Krysha & Kolesa Holding B.V. (Kolesa Grouр) 39,75% акциясын 42,195 миллион теңгеге (88,5 миллион АҚШ доллары) сатып алған.
2023 жылдың 12 қазанында Басқарма төрағасы және Топтың негізгі иесі, сонымен қатар Kolesa Group компаниясы акционерлерінің бірі – Михаил Ломтадзе Kolesa Group акцияларының 11%-ын «Kaspi Магазинге» сенімгерлік басқаруға берді. Нәтижесінде топ Kolesa Group-тың дауыс беретін акцияларының шамамен 50,76%-ын иеленді. Алайда «Kaspi Магазин» ЖШС сенімгерлік келісім бойынша Kolesa Group акцияларының 11%-ына иелік етпейтіндіктен, шоғырландырылған қаржы есебінде бақыланбайтын үлес 60,24% деп көрсетілген.
2024 жылдың қаңтар-маусым айларында былтырғымен салыстырғанда қаржытех холдингінің таза кірісі 27%-ға артты. Осылайша көрсеткіш 466 млрд теңгеге жетті. Екінші тоқсанда пайда 243 млрд теңгені құрады. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 25%-ға артық.