Жаңалықтар

Ресей Мемлекеттік Думасы ел азаматтығын алған мигранттар үшін әскери қызмет мерзімін арттырғысы келеді

Госдума РФ хочет увеличить срок службы в армии для мигрантов, получающих российское гражданство 
Ресей азаматтығын алған мигранттар әскерде ұзақ қызмет етуі мүмкін / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Аружан Махсотова

Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы ел азаматтығын алу үшін әскерге баратын мигранттардың армиядағы қызмет уақытын арттырғысы келеді. Заңға түзетулер жуық арада қабылданып, мигранттарды әскерге шақыру жасы да өзгеруі мүмкін. 

Мемлекеттік думаның спикері Вячеслав Володин мигранттарды әскери есепке қою туралы заң жобасын дайындауды ұсынған. Заң күшіне енген сәтте Ресей Федерациясы азаматтығын алу кезінде әскери есепке қою іске асырылады. Азаматтықты сатып алғандар әскери қызметті 12 ай емес, екі жыл өтейді.

Әскерге шақыру жасы Ресей азаматтығын алуға үміті бар мигранттарға әсер етеді. Нақты қай жастан қай жасқа дейін өзгеріс болатыны айтылмады. Қазір 18-30 жас аралығындағы ер адамдар әскери қызметке шақырылады.

Мемлекеттік Дума әскерге шақырылған мигранттардың жасын қай мерзімге дейін ұзартқысы келетінін нақтылау туралы әлі де сөз таластырып жатыр. Бұған дейін ЛДПР және «Единая Россия» партияларының депутаттары азаматтықты сатып алған мигранттарды 50 жасқа дейін әскерге шақыру мүмкіндігі туралы айтқан. Бірақ кейін дума төрағасы бұл шешімнің өзгеретінін айтып, оны заң жобасынан уақытша алып тастаған.

Володин Мемлекеттік Дума төрағасының орынбасары Ирина Яроваға, «Единая Россия» партиясы басшысының бірінші орынбасары Дмитрий Вяткинге және қорғаныс комитетінің төрағасы Андрей Картаполовқа заң жобасына қатысты бірқатар тапсырма бергенін айтты. Жобаны Мемлекеттік Дума көктемгі сессиясының соңы, яғни 4 тамызға дейін қабылдауы қажет.

15 шілдеде Ресей Орталық Азиядан келген еңбек мигранттары үшін бейімделу курсын әзірлеген. 70 минутқа созылатын курста азаматтар РФ еңбек заңнамасы, мінез-құлық ережелерімен танысады. Оның ішінде әйелдер мен ерлерге ысқырмауға және «ағасы» немесе «әпке» деп шақырмау туралы кеңестер ұсынылады.

Курс төрт бөліктен тұрады: «Ресей Федерациясының көші-қон және еңбек заңнамасының негіздері», «Ресейдегі бейресми мінез-құлық негіздері», «РФ заңнамасын сақтамағаны үшін жауапкершілік», «Ресей мен Орталық Азия елдерінің қарым-қатынастары туралы тарих».