Lifestyle

Freedom Life компаниясының қолдауымен денсаулық сақтау саласын цифрландыруға қатысты Health Business форумы өтеді

Health Business форумына 400-ден аса сарапшы қатысады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2024 жылы 27 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын цифрландыруға қатысты Health Business форумы өтеді.

Жиын барысында 400-ден астам қатысушы ауыр дерттерді емдеуде жасанды интеллект және басқа заманауи технологияларды пайдалану сияқты тақырыптарды талқылайды.

Диалог алаңына белгілі клиникалар мен медициналық орталықтар, фармацевтикалық және дәріханалық бизнес, зертханалар басшылары келеді. Сонымен қатар денсаулық сақтауды цифрландыру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың, сақтандыру және банк секторлары, телекоммуникациялық компаниялар және медицинаға арналған әртүрлі ІТ-шешімдерді жеткізушілердің өкілдері қатысады.

Health Business Forum үш бөлімнен тұрады:

  • Бірінші бөлімде нарықтық талдау, негізгі сандар мен трендтер беріледі;
  • Екінші бөлімде медицина саласында жасанды интеллект қолдану тақырыбы қарастырылады;
  • Үшінші бөлімде форум қатысушыларына нарық көшбасшыларынан практикалық кейстер ұсынылады.

Өмірді сақтандыру қызметін цифрландыру бойынша форумға – Freedom Life компаниясы қатысады. «Freedom Life» АҚ жинақтаушы сақтандыруды дамыту басқармасының бастығы Дулат Телпекбаев форум қатысушыларымен Freedom Health ауыр сырқаттардан сақтандыру тәжірибесімен бөліседі.

«Өткен жылы маған ауыр сырқаттардан сақтандыру бағдарламасын пайдалануға тура келді. Менің жүрегім ауырып, ауыр диагноз қойылды. Шұғыл ота жасау қажет болды. Freedom Health бағдарламасы аясындағы сақтандыру келісімшарты бойынша, Израильдің ең үздік клиникаларының бірінде ем алдым. Сақтандыру трансфер, тұру, ота, оңалту және басқа шығындарды қамтыды. Осы  және өмірді сақтандыру бағдарламасының цифрлық өнімі туралы толығырақ алдағы форумда айтып беремін», – деп атап өтті Дулат Телпекбаев.

Форум Қазақстандағы health-нарық қатысушылары үшін маңызды жыл сайынғы алаң ретінде танылуы мүмкін.

Іс-шара медициналық орталықтар, дәрігерлер және дәрі-дәрмектерді іздеуге арналған танымал 103.kz сервисі қолдауымен өткізіледі. Ал ұйымдастырушы-серіктес – Digital Business порталы. Health Business Forum-ның толық бағдарламасы мен билеттерін форум сайтынан алуға болады.