Жаңалықтар

Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталды. Жанар-жағармай өндіріп, жөнелту басталды

Фото: kursiv.media архивінен

Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталды. Жанар-жағармай өндіріп, жөнелту басталды. Бұл туралы «Қазмұнайгаз» компаниясы хабарлады.

28 шілдедегі жағдай бойынша өндірілген және жөнелтілген жанар-жағармай материалдары:

  • Бензин – жаңа партияны жөнелту 26 шілдеге жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта 10,9 мың тоннаға жуық жөнелтілді.
  • Дизель отынының өндірісі 21 шілдеде басталды. Қазіргі уақытта 27 мың тоннадан астам жөнелтілді.
  • Сұйытылған газ өндірісі 19 шілдеде іске қосылды. Бүгінде 5,7 мың тонна жөнелтілді.
  • Битум өндірісі 20 шілдеде іске қосылып, 21 шілдеден 28 шілдеге дейін 12 мың тоннадан астам мұнай өнімі жөнелтілді.
  • Керосинді гидротазарту қондырғысы 26 шілдеде басталып, 27 шілдеде жөнелту басталғаннан бері 458 тоннаға дейін керосин жөнелтілді.

«Барлық технологиялық процесс іске қосылды, тауар өнімдері бекітілген кесте бойынша шығарылып жатыр», – деп хабарлады ҚМГ.

Еске сала кетсек, Ақтөбеде автогаз тапшы. Соның салдарынан сұйытылған газ құятын бекеттерде ұзын-сонар көлік кезегі пайда болған. Бұқаралық ақпарат құралдары таратқан ақпараттарда жанармай құю станцияларында автогаз тапшылығына байланысты отынның тек талондар арқылы беріліп жатқаны айтылған еді. «Курсив» осы мәселеге қатысты Энергетика министрлігіне сауал жолдаған болатын. Ведомство газдың тапшылығына, зауыттардағы профилактикалық жөндеу жұмыстары әсер еткенін жеткізді.