Қазақстанда 5G радиожиіліктерін беру уақытша тоқтатылады

Жарияланды 30 Шілде 2024 18:52

(жаңартылды 30 Шілде 2024 18:52)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақстанда 5G радиожиіліктерін беру уақытша тоқтатылады / Фото: kursiv.media

Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алдағы бес жылға арналған радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарының жобасын Ашық НҚА жүйесінде жариялады.

«Құжатта ұялы, жерүсті және ғарыштық байланыс түрлері үшін, сондай-ақ телерадио хабар тарату және басқа да құрылғылар үшін жиіліктер көрсетілген. Жаңа технологияларды іске қоспас бұрын оларды қорғаныс министрлігімен келісу қажет. Бұл жоспар Қазақстанда радиожиіліктерді тиімдірек пайдалануға көмектеседі», – деп түсіндірді ведомство.

Уақытша пайдалануға жиіліктердің тізімі және олардың тоқтатылу себептері:

  • 694-790 МГц: жиіліктер 5G желісін енгізу үшін босатылады. Бұл болашақта байланысты жылдам әрі сенімді ету үшін қажет. Қазіргі уақытта қорғаныс министрлігінде қолданылады.
  • 2496-2690 МГц: рұқсат беру тоқтатылуы жаңа IMT байланыс технологияларын қолдануға дайындық үшін қажет
  • 3400-3600 МГц: жиіліктер 5G үшін қолданылады, бірақ алдымен бар байланыс жүйелерін қорғауды қамтамасыз ету керек, олар бір-біріне кедергі келтірмеуі керек
  • 3600-3800 МГц: жиіліктер 5G жобаларын іске асыру үшін қажет,
  • 3800-4100 МГц: жиіліктер авиация үшін маңызды, сондықтан оларды радиобиіктік өлшеуіштеріне кедергі келтірмеу үшін қорғайды.
  • 5925-7125 МГц: жиіліктер жаңа Wi-Fi жүйелері (Wi-Fi 6E және Wi-Fi 7) үшін қолданылады, бірақ рұқсаттар тек стационарлық қолжетімділік нүктелері үшін беріледі.

«Еліміздегі жиіліктерді перспективалық пайдалану жоспарын бекіту, радиожиілік ресурстарын тиімді басқаруда маңызды қадам болмақ», – дейді Freedom Telecom PR-директоры Максим Оларь.

Оларь бір мысал келтірді – 3400-3600 МГц диапазоны. Бұл диапазон ВКР 2015 нәтижелері бойынша 5G үшін анықталған болатын. Алайда, бұл диапазонды бұрыннан рұқсат алған компаниялар қолданады және олар одан бас тартықысы келмейді. Осы себептен қазіргі уақытта 5G енгізу мүмкін болмай тұр.

Еске сала кетейік, бүгін бейсенбіде Сенат «байланыс туралы заңды» мақұлдады. Оған сәйкес ауылдық және өнеркәсіптік секторларда байланыс қызметтерін субсидиялар көмегімен цифрландыру жүзеге асырылмақ. Бұл заң негізінде байланыс операторларының байланыс инфрақұрылымына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделіп отыр. Сонымен бірге елдегі басқа операторлар кабельді канализацияға қол жеткізе алатын болады. Ал әзірше кабельді канализацияға негізінен «Қазақтелеком» АҚ иелік етуде. 

Сондай-ақ оқыңыз