Kcell мен Activ-тің қызмет сапасы нашарлады

Жарияланды (жаңартылды )
Сколько клиентов Кселл остались без связи
Kcell мен Activ-тің қызмет сапасы нашарлады/ коллаж kursiv.media

«Кселл» компаниясы «Курсивтің» сұрауына жауап ретінде ұялы байланыс операторлары – Activ және Kcell желілері бойынша мәселе туындағанын растады. Тұтынушылардың шамамен 20%-ы техникалық ақау салдарын байқаған. Компания қазір оның себебін анықтап жатыр.

«Қазір компанияның техникалық мамандары ақаудың себебін анықтауда, сонымен бірге қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде», – деп түсіндірді Kcell баспасөз қызметі.

Компания өз тұтынушыларынан «қолайсыздықтар үшін» кешірім сұрайды. Компанияның веб-сайттары қалыпты жұмыс істеп тұр.

Kcell ұялы байланыс операторы 2023 жылға қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады. Былтыр компанияның таза табысы 18,5 пайызға төмендеген.

31 желтоқсандағы жағдай бойынша Kcell ұялы байланыс операторының бақылау пакеті «Қазақтелеком» АҚ-ға (51%) тиесілі. Акционерлік қоғамды «Самұрық-Қазына» қоры арқылы үкімет бақылайды (байланыс операторының 80,85% акциясына иелік етеді). Кәсіпкер Ғалымжан Есенов 14,87 пайыз, өзі акционер болып табылатын Jusan Bank 9,08 пайыз акцияға ие. Сондай-ақ акционерлер тізіміне БЖЗҚ, «Жасыл Даму», «Қазпошта», үш Freedom Holding құрылымы, бизнесмен Тимур Турлов, Райффайзенбанк және т. б. енген.

Сондай-ақ оқыңыз