Алматыда заңсыз салынған нысан иесі мемлекеттік инспекторға қол жұмсаған
Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік инспектор мен кәсіпкер арасындағы кикілжіңге байланысты түсініктеме берді. Бұл оқиға 22 шілде күні болған. Алматы қаласында заңсыз салынған нысан иесі мекеме бұйрығын орындауды талап еткен жер ресурстарын басқару департаментінің өкіліне пышақ ала жүгірген. Абырой болғанда, пышақтамаған, бірақ соққыға жыққан. Қазіргі уақытта инспектор ауруханада ем алып жатыр.
«Маусым айында департаментке келіп түскен өтініш негізінде кәсіпкерге қатысты ҚР Жер заңнамасының сақталуына тексеру жұмыстары басталды. Тексеру барысында кәсіпкер А. құжаттарсыз учаскеде сауда павильонын орнатып, жалпы ауданы 0,0012 га мемлекеттік меншік жерін өз бетінше иеленгені анықталды. ӘҚБтК-нің 136-бабы бойынша шаралар қабылданды және 21 маусымда осы павильонды бір айлық орындау мерзімімен бұзу туралы нұсқама берілген болатын», – деп түсіндірді ведмсвто.
Кәсіпкер бұйрықты орындаудан бас тартып, қалалық жер ресурстарын басқару департаментінің мемлекеттік инспекторына қол жұмсаған. Қызмет бабында мекеме қызметкерлері шабуылға ұшырайтын оқиға елде аз емес. 2020 жылы көліктік бақылау инспекторларына шабуыл жасағандарға қылмыстық іс қозғалды. Одан бұрын «Охотозопром» инспекторы Қаныш Нұртазинов броконоьерлер қолынан қаза тапты.