Астана сот алқасы «Майқайың» кенішіндегі апатқа жұмыс беруші компанияны кінәлі деп таныды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Майқайыңалтын
Сот алқасы «Майқайыңалтын» АҚ-ны кінәлі деп тапты /Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Астана қалалық сот алқасы «Майқайың» кенішіндегі апатқа жұмыс беруші кінәлі екенін растады. Сот автобус апаты компаниядағы жауапты тұлғалар жұмысына салғырт қарағаннан болған деп шешті.

Биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» АҚ-на тиесілі «Майқайың» жерасты кеніші аумағында «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС-нің 4 құтқарушысы мінген автобус апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты.

Сол жағдайдан кейін Еңбек министрлігі арнайы комиссия құрды. Тергеу бұл жағдайға компанияның толық кінәлі деп тапқан.

«Майқайың» кенішіндегі апатқа қатысты сот шешімі 16 сәуірде шыққан болатын. Астана соты іс материалдарын зерттей келе, апаттың болуына «Майқайыңалтын» компаниясын 100% кінәлі деп таныды.

Алайда «Майқайыңалтын» АҚ өзінің қатысы жоқ екенін алға тартып, комиссия шешімімен келіспей, сотқа жүгінді. Ал Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 16 сәуірдегі шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Елорда соттары арнайы тергеу актісінің даулы қорытындылары заңды және негізді деп тапты, ал «Майқайыңалтын» АҚ-ның талабын қанағаттандырудан бас тартылды», – делінген сот хабарламасында.

«Майқайың» кенішінде қызметкерлер мінген автобус опырылған шұңқырға құлап кеткен еді. Автобус ішінде 4 адам болған.

Компанияның бұрынғы жұмысшылары басшыларын айыптап, кеніштегі апатқа объективті тексеру жүргізуді талап етті. Мемлекеттік комиссия мүшелеріне ашық хат жолдаған. Олар қайғылы оқиғаға комбинат басшысының салғырттығы себеп болғанын айтты. 

Екі адамның денесі апаттан кейін шығарылса, екі адамның мәйіті 6 айдан кейін табылды. 25 шілдеде 75 метр тереңдіктегі үйінді астынан автобус жүргізушісі Айып Тілеубергеновтің денесі шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыз