Жаңалықтар

Балалар би клубына шабуыл: Англияның Саутпорт қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 22 полицей жарақат алды

Англияның Саутпорт қаласында жаппай тәртіпсіздік орын алды Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Англияның Саутпорт қаласында балалар би клубына жасалған шабуылдан кейін жаппай тәртіпсіздік орын алды.

The Guardian басылымының хабарлауынша, полиция күдіктіні ұстаған соң, жүздеген тұрған жергілікті мешітке жиналып, ғимарат пен полицияға тас пен шыны бөтелке лақтырған.

Тәртіп сақшыларының бірінің мұрны сынған. Шерушілер полиция көліктерін өртеп, қиратты. Оларға жауап ретінде тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолданды.

Саутпортқа жақын маңдағы Бэнкстің 17 жасар тұрғыны балаларға шабуыл жасады деген күдікпен қамауға алынды. Ол үш балаға пышақпен шабуыл жасаған. Салдарынан тоғыз, алты және жеті жастағы қыз қаза тауып, тағы сегіз бала пышақққа түскен. Олардың бесеуі ауыр халде жатыр. Тағы екі ересек адам ауыр жарақат алды.

Премьер-министр Кир Стармер Саутпорттағы бүлікшілер «заңның толық күшін» сезінеді деп мәлімдеген.

Мерсисайд полициясы наразылық болған түнде 22 офицердің жарақат алғанын хабарлаған.