Қазақстандық үш банктің пайдасы 22% өсіп, жарты жылда жарты триллион теңге тапқан

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Қазақстандық үш банк жарты жылда жарты трлн теңге тапқан / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

2024 жылдың алғашқы бес айымен салыстырғанда қаңтар-маусым айларында Halyk Bank, Кaspi Bank және ЦентрКредит банкінің таза пайдасы 22,1%, яғни 691 млрд теңгеге дейін өсті. Жыл сайынғы көрсеткіш 12,7%-ға артқан. Үш банктің таза пайдасы бүкіл банк секторының жалпы пайдасының 60%-ын (1,15 трлн теңге) құрайды

Ұлттық банктің статистикасына сәйкес, ең жоғары көрсеткіш Halyk Bank-те 23%, яғни 372,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Жыл сайын банктің таза пайдасы 13,1% өскен. Банктің активтері бір айда 4,2%, жыл басынан бері 8,8%, яғни 16,26 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Қаңтар-мамыр айларының қорытындысымен салыстырғанда 4,3%, жыл басымен салыстырғанда 9,3% өсті. Жалпы көрсеткіш 13,71 трлн теңгені құрады. Банктің меншікті капиталы бір айда шамамен 4%, алты айда – 6,4%, яғни 2,54 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Kaspi Bank таза табысы 234,5 млрд теңгені құрап, бір ай бұрынғы көрсеткіштен 20,9%, 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 4,8% артық болды. Банктің активтері 7 трлн теңгеден сәл асып, 2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 4% және жыл басынан бергіден 5% артық. Міндеттемелер 6,16 трлн теңгені құрады. Бір айда міндеттеме 5%, алты айда 4% өсті. Қаңтар-маусымдағы меншікті капитал қаңтар-мамырмен салыстырғанда 3% қысқарды, жыл басынан бері 14%, 861,3 млрд теңгеге дейін өсті.

ЦентрКредит банктің жарты жылдағы пайдасы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 21,9% өсіп, жыл сайын көрсеткіш 39,5% артты. Банктің активтері бір айда небәрі 1,5%, жыл басынан бері 10,7% ұлғайды. Міндеттемелер 5,32 трлн теңгені құрады, бір ай бұрынғыға қарағанда 1,4%  және жыл басынан бері 10% артық. Меншікті капитал 497,5 млрд теңгеге жетті. Қаңтар-мамырмен салыстырғанда көрсеткіш 2,2%, алты айда – 20,3% өсті.

Halyk Bank, Kaspi Bank және ЦКБ несие портфелі 59% немесе жалпы көлемнен 18,8 трлн (32 трлн теңге) болады. Ең ірі портфелі Halyk Bank-та – 10,17 трлн теңге. Ол жалпы көрсеткіштің үштен бірі болады. Жыл басынан бері 6,7% өсті.

Банк секторының таза сыртқы активтері бір айда 5%, яғни 47,1 трлн теңгеге дейін өсті. Резервтер, қолма-қол теңге, жалпы талаптар (міндеттемелерді алып тастағанда), сондай–ақ Ұлттық банкке қойылатын талаптар, депозиттерді қоса алғанда, Үкіметке және елдің қалған экономикасына кіретін ішкі активтер минус 7,44 трлн теңгені құрады. Банктердің міндеттемелері (депозиттер, бағалы қағаздар, қаржылық туынды құралдар, несиелер, сондай-ақ, басқа да төлем шоттары) 39,65 трлн теңгеге жетті, бұл бір ай бұрынғыдан 4% артық.

Барлық банктің таза пайдасы жартыжылдықта 10%, 1,15 трлн теңгеге дейін өсті. Банк секторының активтері бір айда 3,9% өсіп, 55,3 трлн теңгеге дейін жетті. Жыл басынан бері көрсеткіш 7,5% өсті.

Қазақстандық банктердің міндеттемелері айына 4,3%, 47,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жыл басынан бері өсім 7,3% құрады. Саланың меншікті капиталы 7,5 трлн теңгені құрап, бұл мамыр айымен салыстырғанда 1,5% және жыл басымен салыстырғанда 9,2% артық. 

Сондай-ақ оқыңыз