Алматының жалпы өңірлік өнімі 4,7 пайыз өсіп, 5,3 трлн теңгені құрады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматы қаласының экономикасы өсті / Коллаж: kursiv.media

2024 жылдың бірінші тоқсанында Алматының жалпы өңірлік өнімі 4,7% өсіп, 5,3 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Алматының экономика басқармасы хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, қысқамерзімді экономикалық индикатор 0,6%-ға өсіп, 102,4% көрсетті. 2024 жылы экономиканың өсімі 5,5% деңгейінде болады деп болжанып отыр. Сондай-ақ көлік, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру, байланыс және сауда сияқты салалар өсімнің қозғаушы күшіне айналған.

Айта кетейік, 2023 жылы Алматының жалпы өңірлік өнімі 24,8 трлн теңге болды. Бұл – соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Былтыр Алматы экономикасына 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды, бұл ретте жеке инвестициялар 7,3%-ға артқан. Биыл шаһардың әлеуметтік-экономикалық даумына тартылатын инвестиция көлемі жыл соңына дейін 2 трлн теңгеге жетуі мүмкін. Осының нәтижесінде 32,7 мың жұмыс орны ашылуы тиіс. Бұл жұмыс орындарының 75 пайызы тұрақты негізде ашылады.

2023 жылдың өңірлер бөлінісіндегі толық статистикалық қорытындыларына назар аударсақ, республикалық ЖІӨ-нің 20,5% немесе 1/5 үлесі Алматы қаласына тиесілі. Оңтүстік астана былтыр 2023 жылдың орташа бағамы бойынша 54,4 млрд доллар болатын қызмет көрсетіп тауар өндірген.

Алматы қаласындағы ЖӨӨ жан басына шаққанда 24 787 долларға жетіп, Атырау облысынан (46 901 доллар) кейін екінші орында тұр. ХВҚ мәліметіне қарасақ, былтыр Алматы қаласының ЖӨӨ-сі көрші Қырғызстанның ЖІӨ-сімен салыстырғанда 4 есе жоғары қалыптасқан.

Сондай-ақ оқыңыз