Жаңалықтар

«Ақжайық» футбол клубының экс-директоры ұсталды

«Ақжайық» футбол клубының экс-директоры ұсталды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Оралдық «Ақжайық» футбол клубының бұрынғы директоры ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметі бойынша, сотқа дейінгі тергеу барысында «Ақжайық»  ФК ЖШС-нің бұрынғы директоры қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та «Ақтөбе» ФК басқарма төрағасы болған Азамат Шайханың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды, алайда оның бір күн бұрын қызметінен кеткені расталды. Азамат Шайхы 2022 жылдың маусым айының соңында «Ақжайық» футбол клубының директоры қызметінен өз еркімен кетіп, 2023 жылдың қыркүйегінде «Ақтөбе» футбол клубын басқарды

Естеріңізге сала кетейік, «Ақжайық» футболшылары Ақтөбедегі ойынға барудан бас тартып, жалақы төлеуді талап еткен. 2023 жылы клубты қаржыландыру 400 миллион теңгеге дейін қысқарса, 2024 жылы ТЖ режиміне байланысты оларға мүлдем қаржы бөлінбеген. Клубтың жалпы қарызы – 400 млн теңге.