Жаңалықтар

Қор нарығындағы таңдаулы тақырыптар: АҚШ-тағы банктер бәсекесі, күн энергетикасындағы қарбалас, биткоиндарды рубльге айырбастау

БАҚ шолуы / Shutterstock

АҚШ-тағы еңбек нарығы шілдеде де дамылдап тұрды, америкалық банктердің акциялары екі жылдық максимумға дейін өсті. Ресей криптовалютаны заңдастырып жатыр және биткоиндарды цифрлық рубльге айырбастауға рұқсат бермек. Осы және өзге де тақырыптар туралы 31 шілдеде әлемдік БАҚ-тар не жазды? Шолуымызға назар салыңыз.

Америкалық банктердің акциялары екі жылдық максимумға дейін өсті

АҚШ-тағы Банк индексі (KBW) шілдеде 10%-ға өсіп, сейсенбіде 2022 жылдың тамызынан бергі ең жоғарғы деңгейге жетті деп хабарлайды Bloomberg. Өңірлік банктер 19% өсім көрсетті. Бұл 2016 жылдың қарашасынан бергі ең жоғары өсу қарқыны болып отыр.

Сарапшылар банк секторындағы оптимизмді ФРЖ ставкаларының жылдам төмендеуімен, сондай-ақ Дональд Трамптың АҚШ президенті болып сайлану мүмкіндігінің артуымен байланыстырды. Болжам бойынша, ол реттеуші ортаны мейлінше жеңілдетуі мүмкін. . Wells Fargo & Co компаниясының белгілі банк аналитигі Майк Мэйо биыл банк секторын бәсеке күтіп тұр деп санайды. Шілде айындағы өсімге дейін банк секторы S&P 500-ден екі жыл бойы айтарлықтай артта қалып келді.

Банктер үшін тағы бір жағымды әсер бар. Ол – ФРЖ-ның нормативтік реттеуді жеңілдетуі. Мұндай пікірді Citigroup компаниясының АҚШ-тағы акциялар жөніндегі стратегі Скотт Кронерт алға тартып отыр. Harris Financial Group-тың басқарушы серіктесі Джейми Кокстың пікірінше, банктер қайтадан инвестиция салуға жарамды секторға айналады. Әлбетте, бұған нормативтердің төмендеу әлеуеті, кірістіліктің қисық сызығы әсер етпек.

АҚШ-тың жеке секторында қызметкерлерді жалдау баяулады

АҚШ-тағы жеке компаниялардағы жаңа жұмыс орындарының саны шілдеде 122 мыңды құрады. Маусымда 136 мыңға тең болған еді. Бұл туралы жұмыспен қамту туралы ADP ұлттық есебінің деректеріне сілтеме жасаған Fox Business хабарлады. LSEG сауалнамасына қатысқан экономистер шілдеде 150 мың жұмыс орны ашылады деп болжам жасаған еді.

Осылайша, АҚШ-тың еңбек нарығы баяулауын жалғастырып отыр. Бұл ретте шілдеде жалақының өсуі (4,8%-ға дейін) аздап төмендегенін айта кеткен жөн. Бұл үш жылдағы ең баяу қарқын. Жұмыс орнын ауыстырған адамдардың жалақысы маусым айындағы 7,7%-дық өсіммен салыстырғанда шілдеде 7,2%-ға өсті.

«Еңбек нарығындағы жағдай ФРЖ-ның инфляцияны бәсеңдетуге бағытталған күш-жігеріне септеседі. Егер инфляция қайтадан көтерілсе, онда бұған жұмыс күшінің ешқандай қатысы болмайды», – деді ADP бас экономисі Нела Ричардсон.

Жеке сектордағы жұмыспен қамту көрсеткіші жұма күні шығатын АҚШ Еңбек департаментінің жалпы есебінен озып тұр. Көрсеткіш маусым айындағы 206 мың адамдық межеден кейін шілдеде жалдау өсімі 175 мың адамды құрайды деп күтіліп отыр.

Дональд Трамптың риторикасына қарамастан, SunPower және First Solar акциялары өсуде

Күн энергиясын өндіретін фотоэлектрлік жүйелер мен аккумуляторлық энергияны сақтау жүйелерін жеткізуші SunPower компаниясының акциялары сәрсенбіде 8,46%-ға өсті деп жазды Market Watch. Инвесторлар нарықтағы тағы бір ойыншы – First Solar-дың әуелде күтілгеннен де жақсы нәтижелеріне осылай жауап берді. Аталған компаниялардың ізін ала күн энергиясының басқа да акциялары көтерілді: Sunnova Energy International – 9,4%, Solaria – 6,5%.

Еске сала кетейік, 2024 жыл жасыл энергетика секторы үшін аса жайлы болмай тұр. Бұл компаниялардың «Трамп мәмілелерінен» ұтылуы мүмкін деген алаңдаушылығына байланысты. Ол жаңғырмалы емес, дәстүрлі энергия көздеріне иек артады және импорттық жабдықтарды әкелуге тарифтер енгізетінін айтып сескендіріп отыр.  

Әлбетте, бұл жағдай жасыл энергетика секторына қысым жасайды. Сондықтан инвесторлар оны қауіпті санайды. Сонымен қатар сарапшылар әлі де пайыздық мөлшерлемелердің жоғарылығына алаңдаушылық білдіріп отыр. Олар сұранысқа әсер етеді. Өйткені күн жүйелерін орнату қымбаттады.

Дегенмен First Solar есебі аналитиктердің бағалауынан әлдеқайда асып түсті. Компанияның екінші тоқсандағы кірісі 349 млн долларды құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есе көп. Кеше оның акциялары 2,5% өсті, ал қаңтардан бергі өссім 22,4%-ға тең болды. Бұл тұтас сектордағы компанияларға деген қызығушылықты қайтаруы мүмкін.

Ресей криптовалютаны заңдастырып жатыр және биткоиндарды цифрлық рубльге айырбастауға рұқсат бермек

РФ Мемлекеттік Думасының Қаржы нарығы жөніндегі комитетінің басшысы Анатолий Аксаков жақын арада Ресейде биткоиндарды цифрлық рубльге айырбастауға рұқсат етілетінін айтты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Сондай-ақ ол мұндай айырбастау құралынан соң шетелдік криптовалюталар негізінде p2p алаңдарына қажеттілік болмауы мүмкін екенін мойындады. Еске сала кетейік, Ресей үкіметі маусым-шілде айларында АҚШ тарапынан санкциялар енгізілгеннен кейін криптовалюталарға деген көзқарасын бірден өзгертті. Бұл халықаралық операцияларды қиындатып, мұнай кірістерін алуды қиындатты. Шілде айының соңында Мемлекеттік Дума тау-кен және криптовалюта айналымын реттеу туралы заңдар пакетін қабылдады. Ондағы есептеулер «эксперименттік құқықтық режимдер» шеңберінде 2024 жылғы 1 қыркүйектен