Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи Израильге тікелей соққы жасауға бұйрық берді. Оған себеп – палестиналық ХАМАС қозғалысы Саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияның өлімі. The New York Times басылымы өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Иран жоғары көсемі бас қолбасшысының өліміне осылай жауап беруге бел буғанын жазады.
Басылымның мәліметінше, 31 шілде күні таңертең Әли Хаменеи Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің шұғыл отырысын өткізген. Кездесуде Израильге соққы жасауға бұйрық береді. Басылым үш дереккөзге сілтеме жасайды. Олардың арасында Ислам революциясы Сақшылар корпусының екі мүшесі бар. Мұндай ақпаратты бергендердің есімдері аталмаған.
Дереккөз Тель-Авив пен Хайфа аймағындағы әскери нысандарға соққы беруі мүмкін екенін айтқан. Иран әскерилері азаматтық нысандарға шабуыл жасамауға тырысады. Бұл шабуыл Иран аумағынан емес, одақтас елдердің, соның ішінде Йемен, Сирия және Ирак территориясынан жасалуы ықтимал.
Исмаил Хания 31 шілдеде Иранның жаңа президенті Масуд Пезешкянның инаугурация рәсіміне қатысуға келіп, Тегеранда қайтыс болды. БАҚ зымыран ол түнеген үйге тигенін жазды.
Хамас қозғалысы оның өліміне Израильді айыптап, оқиғаны теракт деп атады. Израиль билігі соққыға жауапкершілікті алудан бас тартты. Бұл жайт Палестина-Израиль қақтығысын қайта шиеленістіреді.
2023 жылдың 7 қазан күні Израиль-Палестина қақтығысы кезекті рет ушыққан болатын. ХАМАС содырлары Израильдің оңтүстігіне жаппай зымырандар тастай бастады. Ал Израиль әскерилері «Хамас» ұйымының шабуылына жауап ретінде арнайы операция бастады.
2024 жылдың 19 шілдесінде БҰҰ Жоғарғы соты Израильдің Палестина жерлерін басып алуын заңсыз деп танып, консультативтік қорытынды шығарды.