270 мың теңге: Жамбыл облысында 111 есе арзанға сатылып кеткен өндірістік база мемлекет меншігіне қайтарылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Коллаж: .kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Жамбыл облысында мемлекетке тиесілі мүлікті өз құнынан 111 есе арзан 270 мың теңгеге сатып жіберген. Жамбыл облысы прокуратурасының хабарлауынша, бұл өндірістік базаның нарықтық кұны – кемі 30 млн теңге. Нысан сот шешімімен мемлекет меншігіне қайтарылған.

Прокуратура мәліметінше, «Игілік» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшылығы сонау 2008 жылы өндірістік базаны еш конкурссыз сатқан. Кәсіпорын басшылығы бұл мүлікті бар-жоғы 270 мың теңгеге бағалаған көрінеді. Алайда нарықтық құны 30 млн теңге тұрады

2023 жылы осы іс бойынша Талас ауданының прокуратурасы кәсіпорынның бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанымен, қылмыстық істің мерзімі өтуіне орай, тергеу тоқтап қалған.

Сонымен қатар,Жамбыл облысы экономикалық сотының шешімімен, әкімдіктің сатып алу-сату шарттары мен кепілді жарамсыз деп тану туралы талаптары қанағаттандырылды. 22 мамырда апелляциялық сот бұл шешімді растады. Сот актісі заңды күшіне еніп, мүлік мемлекетке толығымен қайтарылды.

«Игілік» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Талас аудандық әкімдігіне қарайды. Аудан мен Қаратау қаласын жылу, су және әлект қуатымен қамтамасыз етіп отыр.

Естеріңіз сала кетейік, бұған дейін Тараз қаласы әкімдігінің қызметкерлері мекеменің балансындағы мүлікті тіркеуден заңсыз шығарып, мемлекетке 100 млн теңге залал келтірген. Қаржы мониторингі агенттігі Жамбыл облысының прокуратурасымен бірлесіп, Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар заң бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Сондай-ақ оқыңыз