«Қазақфильм» киностудиясын уақытша Айдар Омаров басқарады

Жарияланды 1 Тамыз 2024 18:41

(жаңартылды 2 Тамыз 2024 09:46)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Қазақфильм
«Қазақфильм» киностудиясын уақытша Айдар Омаров басқарады / Фото: архив kursiv.media

Азамат Сатыбалды кеткеннен кейін, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясын уақытша Айдар Омаров басқаратын болады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі киностудиясының штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады. 

«Ұлттық киностудия президенті міндетін Айдар Омаров уақытша атқаратын болады», – делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін Омаров киностудия президентінің орынбасары қызметін атқарып келген.

31 шілдеде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Азамат Сатыбалды қызметінен кеткені белгілі болған. Бұл ақпаратты актер «Курсив» корреспондентіне растады.

Журналистерге берген жауабында Қытайдағы үлкен жобаға қатысатынын, сол себепті қызметінен кетіп бара жатқанын айтқан.

Азамат Сатыбалды бұл қызметке 2023 жылдың 28 шілдесінде тағайындалған болатын. Яғни актер киностудияны дәл бір жыл басқарған. Ал оған дейін «Қазақфильм» киностудиясына режиссер Ақан Сатаевбасшылық етті. Сатаев бұл орында 2020-2022 жылдар аралығында отырды. Оның киностудиядағы қызметінен кеткені 2022 жылдың күзінде белгілі болды. Азамат Сатыбалды тағайындалғанға дейін бұл орын 10 ай бойы бос тұрған. Ал Сатаевтың алдында киностудияны бір жыл актер Арман Асенов басқарған.

Сондай-ақ оқыңыз