Хiaomi мен TCL бренді бойынша теледидар шығаратын ресейлік зауыттар санкцияға байланысты Қазақстанға көшпек

Жарияланды
Xiaomi және TCL брендімен теледидар шығаратын зауыттарға Қытайдан құрастыруға арналған компоненттерді жеткізу тоқтаған / Коллаж: kursiv.media;

Ресейдегі Xiaomi және TCL бренді бойынша теледидар шығаратын зауыттар санкцияға байланысты өз өндірісін Қазақстанға көшірмекші. Бұл жайлы көрші елдің бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

«Коммерсант» басылымының хабарлауынша, қытайлық TCL теледидар брендінің иесі санкциялық тәуекелдерге байланысты оның құрамдас бөліктерін ресейлік «Квант» және STI Group-қа жеткізуден бас тартқан. Мұның алдында дәл осы себептерге байланысты Хiaomi да Ресейге құрамдас бөлшектерді жеткізілмеген. Енді Ресей зауыттары Хiaomi мен TCL брендін шығару үшін Қазақстанға көшу мәселесін қарастырып жатыр.

Зауыттар Қазақстанға көшірілсе, логистикаға байланысты оның құны 10-20%-ға қымбаттауы мүмкін екені айтылады.

«Біз өндірісті Қазақстанға көшіру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Бірақ бұл елде де санкциялық тәуекелдер туындауы мүмкін, сонымен қатар логистиканың ұзаруына байланысты Қазақстанда шығарылатын құрылғылар 10-20 пайызға қымбаттайды», – деп мәлімдеген STI Group директоры Кирилл Скворцов.

Ал Ресейдің Воронежінде орналасқан «Квант» зауытының өкілі шілде айында қытайлық электроника өндірушісі TCL-дің Ресей Федерациясына теледидарларды құрастыруға арналған компоненттерді жеткізуден бас тартқанын хабарлаған. Зауыт өкілі TCL компаниясының басшылығы мұндай шешімді АҚШ пен Еуроодақтың қайталама санкцияларының қаупі аясында қабылдаған. Ол бұл бренд енді Квант зауытында шығарылмайтынын айтқан. Себебі дәл осылайша қытайлық Xiaomi компаниясы да 2022 жылдан бері Ресейге құрамдас бөлшектерді жеткізуді тоқтатқан. Осының салдарынан Воронеждегі зауыттан бұл теледидарлардың өндірісі тоқтаған.

Әзірге ресейлік зауыттарда қараша айына дейін теледидар құрастыруға қажетті құрамдас бөліктер жеткілікті. Бірақ құрамдас бөліктердің тапшылыға байланысты кейбір компаниялар өндірісті тоқтатуы мүмкін.

Ресейден Қазақстанға қанша компания қоныс аударды?

Еске сала кетсек, бір жыл бұрын бизнесін Ресейден Қазақстанға көшірген компаниялар қатары көбейгені Сыртықы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтқан болатын. Ол Ресейден қоныс аударғандардың дені шағын және орта бизнес, ірі компаниялар және бірінші кезекте батыс компаниялары екенін атап өтті. Ресейлік нарықтан 400 ге жуық компания қоныс аударуға ниет танытқан. Дегенмен, көптеген компаниялар Ресейден көшуге қатысты өздерінің жоспарын ашық жарияламауды сұраған.

«72 компания Ресейден Қазақстанға қоныс аударуға қатысты оң жауап берді. 29 компания елімізге қоныс аударуды аяқтады», Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Бизнесін Ресейден Қазақстанға көшірген компаниялар арасында «Fix Price» пен Polymetal компаниялары да бар. Fix Price Group компаниясы Кипр аралынан Қазақстандағы Астана халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) редомициляция жүргізетіні хабарланды. Ал Polymetal өз бизнесін осы жылдың тамыз айында Британдық Джерси аралынан Қазақстандағы АХҚО-ға көшірді. Солайша өз бизнесін Қазақстанда тіркеген бірінші компания болды. 

Сондай-ақ оқыңыз