Жаңалықтар

«Құрылыс нарығы эволоциясы қазіргі уақытта кідіріп тұр» – экономист Рақым Ошақбаев тұрғын үй нарығына қатысты

коллаж kursiv.media

Құрылыс салушылар ассоциациясы форумында экономист Рақым Ошақбаев тұрғын үй нарығына байланысты пікір бөлісті. Оның айтуынша, елде баспана салу қарқыны жақсы, бірақ түйткілдер де жетерлік.

«Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы егемендігіміздің нығаюына байланысты. Отандастарымызды баспанамен қамту көрсеткіші орта әлемдік деңгейден жоғары тұр, тіпті дамыған елдерден жақсы. Жан басына шаққанда жаңа баспана салудан ТМД арасында едәуір алға озып кеттік», – деді Ошақбаев.

Ол дамыған елдерде құрылысшылар жайлы баспана салуға мүдделі екені, тұтынушылардың көңіліне шығуға ұмтылатыны туралы сөз қозғады.

 «Құрылыс саласындағы кейбір мәселелерге тоқталсақ, әлі күнге дейін бірінші әрлеуді қолданамыз. Бұны бір жағынан ерекшелік, бір жағынан қызық дүние деп қабылдауға болады. Дамыған елдерде ішкі әрлеу жұмысымен қоса, жиһаздарымен, техникаларымен пайдалануға береді. Бұл – келісімшартта барлығы да қарастырылады деген сөз», – деді Ошақбаев.

Экономист нарық тетіктерін әділ бәсеке арқылы реттеу керек деген ұсыныс-пікірін жеткізді.

«Дамыған елдердегідей пәтерлерді жиһазбен қамтамасыз ететін деңгейге жету үшін нарық эволоциясы қазіргі уақытта кідіріп тұр. Бәсеке ортаның сапасыз болуы, барлық құрылысшы компанияның төмен бағаға ұмтылуы, нарықты нақты қадағалаушының болмауы алдың қатарда тұрған компаниялардың құлдырауына әсер етуде. Сарапшының пікірінше, құрылыс саласындағы өкілетті орган, қауымдастықтар өзара келісімге келіп, ортақ шешімін табуға тиіс» – деді экономист.

Ошақбай баспана нарығына басқа банктерді тарту керек деп есептейді.

«Сапасы өте жақсы баспананы сатып алуға көпшіліктің қалтасы көтере беремейді. Соған сай ипотека көлемі де өсіп жатқан жоқ. Ашығын айтсақ, тұрғын үй ипоткасының дамуына мемлекет зор қолдау көрсетуде. Бірақ бір ғана институт – «Отбасы банкке» ғана демеуқаржы шоғырлануда. Сондықтан әділ бәсеке қалыптастыруға мүмкіндік жоқ. Өте жақсы бағдарлама ұсынатын банктер бар, бірақ оларда субсидияланған арзан ресурс жоқ. Олай болса, осы қаржы ұйымдар цирфлы ипотека, каскадты ипотека немесе қосымша сервистер ұсынар еді. Сондықтан бұл бағытты либерализация керек, басқа банктерге де мемлекет қолдау көсретуі керек», – деді ол.

Ошақбаев «Отау», «Наурыз» бағдарламалары бастапқы нарықтағы үйлерді сатып алуға арналғанын құптамайды. Бағдарламаға қатысатындарға екінші нарықтағы сапалы үйлерді сатып алуға мүмкіндік берілуі керек деп есептейді. Сарапшы қолдан жасалған мұндай жасанды шектеу нарық тынысын жақсартады деп санайды.

«Үлкен мәселелердің бірі – осы баспаналарды ұзақ жыл басқару, яғни кондоминиум тетігі ақсап жатыр. Тұрғындар ПИК, МИБ құру мәселелерімен бетпе-бет кездесуде. Дамыған нарықтарда басқарушы компаниялар бірден құрылады, бірден қызмет құны белгілі болады. Бұдан кейін баспана құнын жоғалтпайды. Оны компания күтімге алады, үй ескіріп кетпейді. Мұндай жүйе Қазақстанда әлі жоқ», – деді Ошақбаев.

Сарапшы баспана нарығында дағдарыс күшейгенін сынады.

«Алғашқы кезде Астана мен Алматыдағы пәтерлерге сұраныс күшті болды. Қазіргі уақытта баспана бағасы жетер шегіне жетті, нарықта дағдарыс пайда болды. Ескі үйлермен қатар коммуналдық желілерде әбден тозды. Әсіресе, Астанада қатты байқалады. Бұл сыздауық секілді жанға батып тұрған мәселенің бірі. Орта құрылыс нарығында кондуктор жоқ деп есептеуге болады. Яғни құрылыстың заң талаптарына сай болуының, мемлекет ұсынған ережелердің сақталуының нақты қадағалайтын орган жоқ. Үлестік құрылыс жобалары бойынша келісімшарттардың 60 пайыздайы Қазақстан нарығында ресми тірде тіркелмейді деген сөз бар. Тіпті Астанада заңсыз салынып жатқан нысан көп», – деді Ошақбаев.