АҚШ-тың Ресеймен алмастырып алған үш азаматы елдеріне оралды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
АҚШ-тың Ресеймен алмастырып алған үш азаматы елдеріне оралды / Фото: CNN, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ Ресеймен тұтқындар алмасу операциясы аясында алмастырып алған үш азаматты Мэриленд штатында Америка президенті Джо Байден мен вице-президент Камала Харрис күтіп алды. 

CNN ақпаратына сүйенсек, The Wall Street Journal журналисі Эван Гершкович, америкалық теңіз жаяу әскерінің бұрынғы қызметкері Пол Уилан және «Радио Свобода» татар-башқұрт қызметінің журналисі Алсу Курбашева мінген ұшақ Біріккен Эндрюс әуе базасына қонған.

Фото: CNN, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Әуе базасында туыстарынан бөлек оларды АҚШ президенті Джо Байден мен вице-президент Камала Харрис қарсы алған.

Басылым ақпаратына сүйенсек, елге оралған азаматтар Сан-Антониоға ұшып, медициналық тексеруден өтеді.

Фото: CNN, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Тұтқындармен алмасу 1 тамызда Түркия астанасы Анкарада өткен. Ресми АҚШ билігі жоғарыда аты аталған үш азаматтан бөлек оппозициялық саясаткер Владимир Кара-Мурзаның атын атаған. Алайда қарсы алу туралы хабарламада Кара-Мурзаның суреті болмады.

Ресей елдегі «саяси тұтқындарды» АҚШ пен Еуропадағы сотталған азаматтарына ауыстыру туралы келісімге келген. Тhe Insider деректері бойынша Ресей ондаған адамды босатқан.

Олардың қатарында саяси белсенді Илья Яшин, саясаттанушы Владимир Кара-Мурза, «Радио Свобода» журналисі Алсу Курмашева, саясаткер Андрей Пивоваров, биолог Олег Орлов, суретші Александра Скочиленко, саяси белсенді Лилия Чанышева, саяси белсенді Ксения Фадеева, TheWall Street Journal журналисі Эван Гершкович, Германия Қызыл айының дәрігері Рико Кригер, мектеп оқушысы Кевин Лик, әлеуметтанушы Демури Воронин, саяси белсенді Вадим Останин, Германия азаматы Патрик Шебель, американдық әскериі журналист Пол Уилан және заңгер Герман Мойжес бар.

Ал Ресей тарапы босатып алған азаматтар қатарында: Германиядан киллер Вадим Красиков, Словениядан тыңшылар Артем мен Анна Дульцевтер, Норвегиядан тыңшы Михаил Микушин, Польшадан тыңшы Павел Рубцов, АҚШ-тан хакер Роман Селезнев, АҚШ-тан кәсіпкер Владислав Клюшин, АҚШ-тан Ресей федералды қауіпсіздік қызметкері Вадим Конощенка бар.

2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Украина аумағына басып кіріп, толыққанды соғыс бастады. Соғыс басталғаннан кейін Ресейде наразылық акциялары көбейіп, «саяси тұтқындар» саны да артқан

Сондай-ақ оқыңыз