Банк пен қаржы

Шілдеде Қазақстанның 10 өңірінде іскерлік белсенділік индексі жақсарды – Ұлттық банк

Фото: kursiv.media архиві

2024 жылдың шілде айында Қазақстандағы іскерлік белсенділіктің өсімі біршама баяу қарқынмен жалғасты. Ұлттық банк (ҰБ) есебінше жалпы іскерлік белсенділік индексі (ІБИ) алты ай қатарынан оң аймақта қалып отыр.

Шілде айының қорытындысы бойынша өндірісте, қызмет көрсетуде және құрылыста іскерлік белсенділік артқан. Аталған секторлар іскерлік белсенділік индексінің (ІБИ) өсу аймағында тұр. Атап айтқанда, өндірісте индекс өзгеріссіз қалып, 51,7 құрады, қызмет көрсету мен құрылыста біршама төмендеп, сәйкесінше 51,0 және 50,5-ті құрады (маусымда – 51,6 және 51,7). Бұл секторларда жеткізу мерзімінен басқа барлық компонент жақсарды.

Тау-кен өнеркәсібінде бұл көрсеткіш аздап 49,6-ға дейін (маусымдағы 49,5-тен) өсті, бірақ тауарлы-материалдық қорлар көлемінің төмендеуіне байланысты теріс аймақта қалып отыр.

10 өңірде іскерлік белсенділік жақсарып, 8 өңірде нашарлады. Индекстің ең жоғарғы мәні Абай облысында (62,3), ең төменгі мәні Ақтөбе облысында (45,4) тіркелді.

Шілде айында өнімге, қызметке сұраныс артқанын атап өткен кәсіпорындардың үлесі айтарлықтай өсті. Көрсеткіш бақылау кезеңінде ең жоғары мәнге жетті. Кәсіпорындар инфрақұрылымның өзгеруін төменірек бағалады, алайда бағасы оң болып қалды. Қалған факторларды (салық жүктемесі, бизнесті қорғау мәселелері және қаржыға/несиеге қол жетімділік) теріс бағалады.

Қазіргі бизнес жағдайды бағалау көрсеткіші төмендеп, 5,0-ді құрады. Алдағы 6 айда бизнес ахуал бағасы жақсарып, 22,6-ны құрамақ

2024 жылдың шілде айында Қазақстандағы іскерлік белсенділіктің өсімі біршама баяу қарқынмен жалғасты. Осы ай қорытындысы бойынша өндірісте, қызмет көрсетуде және құрылыста іскерлік белсенділіктің индексі артқан. Аталған секторлар ІБИ-дің өсу аймағында тұр. Атап айтқанда, өндірісте индекс өзгеріссіз қалып, 51,7 болды, қызмет көрсету мен құрылыста біршама төмендеп, сәйкесінше 51,0 және 50,5 құрады (маусымда – 51,6 және 51,7). Бұл секторларда жеткізу мерзімінен басқа барлық компоненттер жақсарды.

Тау-кен өнеркәсібінде бұл көрсеткіш аздап 49,6-ға дейін (маусымдағы 49,5-тен) өсті, бірақ тауарлы-материалдық қорлар көлемінің төмендеуіне байланысты теріс аймақта қалып отыр.

10 өңірде іскерлік белсенділік жақсарып, 8 өңірде нашарлады. Индекстің ең жоғарғы мәні Абай облысында (62,3), ең төменгі мәні Ақтөбе облысында (45,4) тіркелді.

Қазіргі бизнес жағдайды бағалау көрсеткіші төмендеп, 5,0-ге кеміді. Алдағы 6 айда келешек бизнес ахуал бағасы жақсарып, 22,6 құрамақ.

2024 жылғы сәуірдегі іскерлік белсенділік индексі 50,6-ны құрады. Индекстің көтерілуі қызмет көрсету секторындағы көрсеткіштің жақсаруы есебінен болды. Сәуір айында да тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіш 47,0-ге дейін (наурыздағы 49,0-ден) төмендеді.