Мәдениет министрі ЛГБТ-ға қарсы петиция талаптарын орындау үшін заң тетіктерін әзірлеу керек екенін айтты
10 маусымда белсенді азаматтар Мәдениет және ақпарат министрлігіне ЛГБТ насихатына тыйым салудын сұрайтын петиция жолдады. Оны қарастыру үшін жұмыс тобына 45 адам енді.
Мәдениет министрі Аида Балаева бейнеүндеу жариялап, ЛГБТ-ға қарсы петиция ішінара мақұлданғанын айтып, бұл мәселені жете зерттеуді, алдағы уақытта кешенді талдау жүргізуді ұсынды. Петиция тақырыбын азаматтық қоғам мен халықаралық және қазақстандық институттар қызу талқылады. Сарапшылар халықаралық құқықтық актілерді талдады.
«Конституция нормаларына және халықаралық міндетемелерге сәйкес Қазақстан кемсітуге сәйкес саясатты жүзеге асырады. Ол саясат арқылы конституциялық кепілдік пен жанжал тудырмауды және толеранттылық сақтауды қамтамасыз ету міндеттелген. Қоғамда осындай маңызды петицияны талқылауға көптеген қазақстандық қатысып, көтерілген мәселелер бойынша пікірлер екіге жарылды», – деді Аида Балаева.
Бұл тақырып қаншалықты сараланғанымен, ведомство түпкілікті шешім қабылдауға дайын емес. Зерттеулер қорытындысы нақты заң тетіктерін әзірлеу керек екенін көрсетті.
«Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұстанымы кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан ішінара қолдау, балаларға жыныстық қол сұғуға қарсы қылмыстардың өсуі аясында жасөспірімдер мен балаларға жыныстық қатынастарды, оның ішінде дәстүрлі емес қатынастарға насихаттау мен культ жасау талабы өзекті әрі қажет», – деп атап өтті министр.
Қазақстан дәстүрлі отбасы құндылықты насихаттауға басымдық береді. Балаева: «Қазіргі уақытта мәдени мұраны, ұлттық генетикалық кодты сақтауға жағдай жасау керек»,– деп сөзін қорытындылады.
БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі Қазақстан билігіне ЛГБТ насихатына қарсы петицияны қарамауға шақырды. Тәуелсіз сарапшылардың пірікінше, Қазақстан үкіметі азаматтардың жыныстық ерекшеліктері бойынша алалауға жол ашып беретін петицияны қараусыз қалдыру керек.
Астанада «Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға қарсымыз!» петициясы бойынша жария талқылау өтті.
ЛГБТ үгіт-насихатына тыйым салу туралы петицияны Ішкі істер, Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрліктері қолдады.