Жаңалықтар

Ақтаудың орталығында құбырдың жарылуынан су тоқтады

Ақтауда құбырдың жарылуы салдарынан су тоқтады / Фото: Lada.kz

Ақтау қаласының орталығында құбыр желісі жарылып, апатқа байланысты коммуналдық қызметтер бірнеше тұрғын үйлердегі ауызсуды өшіруге мәжбүр болды.

Lada.kz басылымының ақпаратына сүйенсек, құбырдағы жарылыс салдарынан су жол бойымен тарады. Ақтау тұрғындары 11 шағын ауданнан Ботаникалық бақ бойындағы жол бойымен 8 шағын ауданға дейін су ағып жатқанын айтып шағымданған.

Апат қала орталығын ауызсусыз қалдырды. «Каспий жылу», «Су арнасы» коммуналдық кәсіпорны Ақтаудың 11 шағын ауданындағы №3, 4, 10, 11 және 60 үйлердің тұрғындары шектеулерге ұшырағанын хабарлады. 

Фото: Lada.kz

«Коммуналдық қызметтер апатты-қалпына келтіру қазба жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу жұмыстары сағат 18:00 шамасында аяқталады», – делінген хабарламада.

Жыл басында Ақтаудың жеті шағын ауданында жылу желілерінің жарылуы салдарынан жылу мен ыстық су уақытша сөндірілген.