Жаңалықтар

Грант-2024: жоғарғы оқу орындарына мемлекеттік грант тізімі жария болды

Грант-2024: ЖОО мемлекеттік грант тізімі жария болды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

3 тамызда қазақстандық абитуриенттер үшін жоғарғы оқу орындарына арналған мемлекеттік гранттар тізімі жария болды. Тізімді Ғылым және жоғары білім министрлігі жария етті.

Гранттар тізімін келесі ресурстардан көруге болады:

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ресурстары: сайт, телеграмм, Facebook, Instagram.

Ұлттық тестілеу орталығының ресми парақшалары: телеграмм, Facebook, Instagram.

«Талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарындағы мамандықтарға түсті», – дейді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін барлығы 78 219 грант бөлінді. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға 3903 грант бөлінді.

Сондай-ақ халқы тығыз орналасқан, батыс және жаңадан құрылған өңірлерден жастарды оқыту үшін 5000 нысаналы грант бөлінді. Оның ішінде Атырау облысынан келгендер үшін – 1500 грант, Маңғыстау облысынан – 2000, Түркістан облысынан – 600, Абай қаласынан – 300, Шымкент қаласынан – 300, Жетісу қаласынан – 300, Ұлытау облысынан – 300 грант даярлаудың мынадай бағыттары: педагогикалық ғылымдар, математика және статистика, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша бөлінді.

Айта кетейік, жоғары оқу орындарына құжат тапсыру 25 тамызға дейін жалғасады.