Disney-дің кірісі, жұмыссыздық жәрдемақысы туралы мәліметтер: осы аптада инвесторлар нені қаперде ұстауы керек

Жарияланды
Уолл-Стрит Walt Disney-дің кірістер туралы есебіне назар аудармақ / Фото: Reuters/Brendan McDermid

Осы аптада инвесторларды елең еткізетін макроэкономикалық жаңалықтар аса көп болмайды деп жазды Yahoo Finance. Ең маңызды деген жаңалықтар қызмет көрсету секторындағы менеджерлердің белсенділігіне, жұмыссыздық жәрдемақысын алуға берілген өтінімдер туралы соңғы мәліметтерге қатысты болмақ. Алдағы бес күнде Disney, Eli Lilly, Airbnb және SuperMicro Computer корпорациялары кірістері туралы есеп береді.

Өткен апта Уолл-стрит үшін қарбалас тудырған кезең ретінде есте қалды. Апта жұмыс деректерінің алуандылығына байланысты баға ұсыныстарының төмендеуімен аяқталды. Бұл АҚШ экономикасының жай-күйіне алаңдаушылық тудырды. Ірі технологиялық компаниялардың кірістері трейдерлердің алаңдаушылығын сейілте алмады. Бір апта ішінде америкалық нарықтың негізгі S&P 500 индексі 2,5%-ға, Nasdaq Composite индексі 3,7%-ға төмендеді. Нарықтағы дүрбелеңнің күшеюіне қарамастан, S&P 500 компаниялары осы уақытқа дейін үш жыл ішінде ең жақсы тоқсандық кірісті көрсетіп келеді деп есептейді FactSet аналитигі Джон Баттерс.

5 тамызда BioNTech, Carlyle Group, CSX, Diamondback Energy, Oneok, Palantir Technologies, Realty Income, Simon Property Group, Tyson Foods және Williams компаниялары тоқсандық кірістер туралы есеп береді.

ISM шілде айында АҚШ-тың қызмет көрсету секторындағы сатып алу менеджерлерінің белсенділік индексін жариялайды. Ортақ баға маусымдағы 48,8 деңгеймен салыстырғанда 51 тармақты құрайды. Индикатор төрт жылдан бері ең төменгі деңгейде тұр деп атап өтті MarketWatch.

Сейсенбі, 6 тамызда, Airbnb, Caterpillar, Devon Energy, Kenvue, Super Micro Computer, Reddit, Uber Technologies, Wynn Resorts және Zoetis өткен тоқсандағы кірістері туралы мәліметті жария етеді.

Сәрсенбі, 7 тамызда, Уолл-Стрит Walt Disney-дің кірістер туралы есебіне назар аудармақ. Инвесторларды компания басшысы Боб Айгердің ойын-сауық индустриясы алыбының бизнесті қалпына келтіру стратегиясы қалай жүзеге асырылып жатқаны қызықтырады. Тоқсандық есепті Beyond Meat, CVS Health, Novo Nordisk, Occidental Petroleum, Shopify, Sony, Robinhood және Warner Bros. Discovery компаниялары жариялайды.

ФРЖ маусым айындағы тұтынушылық несиелер туралы мәліметтерді ұсынады. Өтелмеген тұтынушылық несиелердің жалпы көлемі 2,7%-дық маусымдық ауытқуларды ескере отырып, мамыр айында 5,06 трлн долларға дейін өсті. Жаңартылатын несиелер (негізінен несие карталары бойынша берешек) 6,3%-ға, жаңартылмайтын несиелер (автокредиттер және студенттік несиелер) 1,4%-ға өсті.

8 тамыз, бейсенбіде, Eli Lilly, NRG Energy, Paramount Global және Take-Two Interactive Software секілді компаниялар тоқсандық кірістің есебін ұсынады.

АҚШ-тың еңбек департаменті өткен аптадағы жұмыссыздық жәрдемақыларына берілген алғашқы өтініштер туралы мәліметтерді жариялайды. Олардың көлемі кейінгі үш айда арта түсті. Жұмыссыздық үшін берілетін өтініштер санының өсуі өткен аптаның соңында жарияланған АҚШ-тағы жұмыспен қамту туралы есепте көрініс тапқан.

Үндістанның Резервтік банкі (RBI) пайыздық мөлшерлемелер бойынша отырыс өткізеді. Barclays Үндістанда желтоқсанға дейін ставка төмендемейді деген болжам ұсынып отыр.

Жұма, 9 тамызда, Energy және Legend Biotech компаниялары өткен тоқсандағы жұмыс нәтижелері туралы хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыз