Каспий құбыр консорциумы жылына 72,5 млн тонна қазақ мұнайын тасымалдай алатынын мәлімдеді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Каспий құбыр консорциумы қанша мұнай тасымалдауға қабілетті / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жылына 72,5 млн тонна қазақ мұнайын тасымалдауға мүмкіндігі бар. Бұл туралы КҚК бас директоры Николай Горбан «Теңізшевройл» компаниясының маркетинг және көлік жөніндегі бас директоры Лори Саскомен кездесуі барысында мәлімдеді.

Тараптар Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры арқылы Теңіз кен орнынан мұнай тасымалдау мәселесін талқылаған.

«Теңізшевройл» компаниясының өкілі Теңіз кен орнын келешекте кеңейту – Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасын жүзеге асыру барысына тоқталды.

Ал КҚК акционерлерінің шешіміне сәйкес, Теніз кен орнын кеңейту жобасы сәтті жүзеге асса, құбыр жүйесі осы кен орынан түсетін мұнайды толық қабылдауға дайын. Жалпы 2024 жылдың 7 айында КҚК арқылы Теңіз кен орнынан шыққан 16 миллион тоннаға жуық мұнай тасымалданып тиелген.

КҚК бас директоры құбыр консорциумы Қазақстан аумағынан жылына шамамен 72,5 миллион тонна тасымалдауға қабілетті екенін мәлімдеді. Ал Ресей Федерациясы арқылы жылына 83 миллион тоннаға дейін мұнайды тасымалдауға мүмкіндігі бар.

2024 жылдың басынан бері Каспий құбыр консорциумы Новороссийск маңындағы теңіз терминалынан экспортқа шамамен 30 миллион тонна мұнай жөнелткен. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 800 мың тоннаға артық.

Биыл КҚК желісі арқылы 70 млн тоннадан астам мұнай тасымалданады деп жоспарланған. Алайда құбыр акионерлері 2024 жылғы жоспарды қайта қарап, мұнай тасымалдау көлемі жүк жөнелтушілердің алдын ала сұранысы негізінде 7%-ға азайту туралы шешім қабылдаған.

Теңіз кен орынан мұнай тасымалдау 7,9 млн тоннаға азаяды деген болжам бар. Ал Қашаған кен орнынан 3,3 млн тоннаға өседі. Нәтижесінде биыл КҚК арқылы жалпы 65,2 млн тонна мұнай тасымалданбақ.

Былтыр Каспий құбыр консорциумы арқылы 63,5 млн тонна мұнай жеткізілген. Соның 56 млн тоннасы Қазақстанға тиесілі. .

Сондай-ақ оқыңыз