Жаңалықтар

2024 жылдың 6 айында Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне 8,9 трлн теңге түсті

6 айда Қазақстан бюджетіне 8,9 трлн теңге түсті / коллаж kursiv.media, бильд-редактор

2024 жылы қаңтар-маусым айлары аралығында Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне 8,9 млрде теңге түскен. Бұл туралы Үкіметтің жарты жылдық есебінде жазылған.

Есепке сүйенсек, жеке тұлғалардың банкроттығы мен төлем қабілетін қалпына келтіру туралы заң енгізілген сәттен бастап 43 млрд теңге берешегі бар 13 мыңнан астам азамат банкрот деп танылған.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғаларды жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталып, жарты жылда бизнес құрылымдарының 1 млн-нан астам есеп қабылдаған. Қазақстан арқылы тауарларды өткізу қабілеті 36%-ға артты. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 600 мыңнан астам автокөлік құралдары өткен, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 160 мыңға артық. 

1 шілдеде «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң күшіне енді. Заңға сәйкес, сатып алулардың қоғамдық мониторингі, олардың қортындысына шағымдану тәртібін қайта қарау және өнім берушілердің жауапкершілігін күшейту үшін жаңа шаралар енгізілді. Оффтейк-келісімшарттарды пайдалана отырып, тауарларды кепілдендірілген сатып алу енгізілуде, ал қосалқы мердігерлікке берілетін жұмыс көлемі 50%-дан 30%-ға дейін қысқарды.

2024 жылғы наурызда отандық өндірушілерді қолдау шаралары қабылданып, 30% мөлшерінде міндетті аванс төлеу, қамтамасыз етудің барлық түрінен босату және міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын шарт сомасынан 10%-дан 3%-ға дейін төмендету қарастырылған.

Жартыжылдықта 2 трлн теңге бюджет қаражаты 847 аудиторлық тексеруден өтіп, шамамен 218 млрд теңге сомасына қаржылық бұзушылық анықталды. 174 млрд теңгеге бұзушылық жойылды. 

Есепте «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 2024 жылы 18 жасқа толған балаларға 100,05 доллар есептелді. БЖЗҚ деректеріне сәйкес, 1 шілдеге қарай тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім беру ақысын төлеуге 16,6 мың өтінім берілді, оның ішінде 13 мыңға жуығы жалпы сомасы 1,3 млн долларға орындалды. Балаларға келесі қаражат есептеу 2025 жылдың ақпанына жоспарланған.

Қазақстанның Қаржы министрлігі мемлекеттік қаржының цифрлы экожүйесі үшін жаңа құрылымды әзірледі. Ол мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің цифрлы профилін құруды қамтиды. Бюджетті жоспарлаудың ақпараттық жүйесі шеңберінде әрбір жобаға өтпелі ID-нөмір берілетін болады.

Бұдан бөлек, министрлік тасымалдаушылар үшін Өзбекстан аумағынан өтуге рұқсат беруді жеңілдетті. 2024 жылғы 15 сәуірден бастап Қазақстан мен Өзбекстанның ақпараттық жүйесін интеграциялаудың арқасында процесс толығымен автоматтандырылып, цифрлы форматқа ауыстырылды. Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап 28 наурызда шетелдің рұқсат бланкілерінің 11,2 мыңы берілді.

Маусым айынан бастап egov.kz және е-Лицензиялау порталында мемлекеттік қызметтер үшін төлем рәсімі жеңілдетілді. Енді пайдаланушыларға көптеген мәліметті толтырудың қажеті жоқ, бұл қателік қаупін азайтады және төлем процесін жеңілдетеді. Деректемелерді автоматты түрде қою қазір 198 ақылы мемлекеттік қызмет үшін жарамды.