Lifestyle

Париж-2024: 5 тамызда қазақстандық атлеттер қандай спорт түрінен сайысқа шығады?

Париж-2024: 5 тамызда қазақстандық атлеттердің жарыс кестесі / shutterstock

Ұлттық олимпиада комитеті бүгін, 5 тамызға, арналған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынды. Қазақстандық спортшылар 3 спорт түрінен сайысқа шығады. 

5 тамызда грек-рим күресінен жекпе-жектер басталады. Алғашқы болып сынға Айдос Сұлтанғали мен Әлімхан Сыздықов түседі.

Ескерту: жарыс кестесі Астана уақытымен көрсетілген.

Стенд ату, скит.

Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко. Сағат: 12.00

Жеңіл атлетика, 200 метр (әйелдер)

Ольга Сафронова. Сағат: 15.50. Жартылай финал, сағат: 23.45.

Стенд ату

Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко. Сағат: 18.00

Грек-рим күресі (60 килограммға дейін)

Айдос Сұлтанғали Қырғызстан спортшысы Жоломан Шаршенбековпен белдеседі. Сағат: 18.00, Сәғат: 00.00

Грек-рим күресі (130 килограммға дейін)

Әлімхан Сыздықов румыниялық Алина Чурариумен белдеседі. Сағат: 18.00

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар. Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов дзюдодан Олимпиада чемпионы атанды. Қазақ палуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті. Сондай-ақ тағы бір дзюдошымыз Ғұсман Қырғызбаев, нысанаға көздеп атудан мергендеріміз Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола жүлдеге ие болды. 3 тамызда Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Қазақстан тарихындағы тұңғыш медальді (күміс) қанжығасына байлады.